Алматылық партиялықтар «Праймериз» ақпараттық жүйесімен танысты

Бүгін бейнеконференциялық байланыс арқылы алматылық партиялықтар «Праймериз» ақпараттық жүйесімен танысты.

Естеріңізде болса, «Nur Otan» елімізде алғаш рет «Электрондық партия» ауқымды жобасын жүзеге асыруға кірісті.
Нәтижесінде партияның орталық деректер базасы, онлайн қоғамдық қабылдау, веб-портал құрылды. Мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы коммуникациялардың жаңа арналары енгізілді.
Онлайн-форматтағы «Праймериз» ақпараттық жүйесі – бұл партияның, әсіресе жастар үшін ашықтығы мен қол жетімділігінің тағы бір қадамы.
Жүйені әзірлеу кезінде жеті негізгі қағидат ескерілді: Қол жетімділік, Дербестік, Ашықтық, Сенімділік, Заңдылық, Көп функционалдылық және Қауіпсіздік.
Бұдан басқа, бұл жүйе халықпен кері байланысты түбегейлі күшейтеді.
Өздеріңіз білетіндей, пандемия елімізде өз түзетулерін енгізгендіктен, партия Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Nur Otan» партияішілік сайлауда онлайн-форматта дауыс беру тетігін пысықтады. Электрондық дауыс беру 1-3 қазан аралығында жаңа ақпараттық жүйе арқылы онлайн режимінде өтеді. Ол «Праймериз» деп аталады.
Жалпы, партия мүшелері үш жолмен дауыс бере алады:
1. Мобильді қосымшаның көмегімен.
2. «Primaries.kz» cайты арқылы
3. Сайлау учаскелерінде

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *