АЛМАТЫЛЫҚ ӨНІМДЕР ШЕТ ЕЛГЕ ШЫҒА БАСТАДЫ

31Нұрлан СҮЙІН

Өз нарығымыздағы «Қазақстандық үлесті» арттыру – уақыт талабы. Осы мақсатта құрылыс, шағын және орта бизнес, тамақ өндірісі, қызмет көрсету, т.б. салаларда отандық кәсіпкерлікті қолдау жөнінде Елбасы Жолдауларында, Даму бағдарламаларында айтылып келеді. Алып шаһар – Алматыда бюджет пен салық түсімінің басым бөлігін шағын және орта бизнес беріп отыр. Елбасы тапсырмаларына орай, «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі», «Мемлекет – жекеменшік серіктестігі» бағыттарының, «Алматы-2020» Даму бағдарламасының негізгі қозғаушы күші де – кәсіпкерлік, ШОБ. Өтпелі, нарық кезеңінде мемлекеттік монополиядан босаған Қазақстан жеңіл өнеркәсібі саласын қайта жандандыру Алматыда қолға алынып отыр.

Бүгінгі таңда оңтүстік астанада оннан астам жеңіл өнеркәсіп саласының өндірушілері уақыт талабына сай өз өнімдерін халыққа ұсынып отыр. Өнімдері импорттық тауарлардан кем түспейтін Алматы компаниялары қатарында «Ангелхер» ЖШС, «ҚазЛегПром» ЖШС, «Айгүл Лайн» ЖШС, «КазСпоN» ЖШС, «Жетісу» АҚ, «Глазман» ЖШС, «Аврора» өндірістік кешені» ЖШС, т.б. бар. Аталған компаниялардың өнімдері шын мәнінде халықаралық стандарттарға сай жасалып жатыр.  Ал тұрмыстық химия бағытындағы өндіруші компания «Аврора» өндірістік кешені» ЖШС өз өнімдерін ТМД елдеріне экспортқа шығара бастады. Индустрияландыру картасы аясында «Аврораның» алғашқы экспорттық өнімдері тұрмыстық химияның заласыздандыру өнімдері (дезинфик­цирующие средства) болып отыр.

Жалпы, «Аврора» косметикалық бағытта өнімнің 45 түрін, тұрмыс­тық химия же­лісі бойынша 50-ден астам түрін шығарады. Компания өнімдерінің бағасы жалпы қазақ­стандықтарға қол­жетімді болып қарас­тырылған. Ком­па­ния­ның бас дирек­торы Данияр Алшан­баев «Индус­трияландыру картасы» шең­берінде мемлекеттік қолдауға ие болған 640 млн. теңгенің жобасы өнді­рістің толық циклын қамтамасыз етіп, жы­лына 10 800 тонна өнім өндіріледі» деп отыр. Жаңа өндірістік желі қосым­ша 60 жұмыс орнын беріпті.

«Аврора» өндірістік кешені» ЖШС 2010 жылы Алматыда ашыл­ған. Компания 2011 жылы «Залал­сыздан­дыру өнімінің үздік қазақ­стандық өндіру­шісі» аталымы бойын­ша Фар­мацев­тика жұл­дызы Респуб­ликалық сыйлығына ие болды.

«Аврора» ком­па­ниясы өзінің жаңа өнімдер желісін голландиялық компаниямен бірлесіп шығарды. Бүгінгі таңда компанияда 250-ден астам алматылық қызмет етеді. Алматы экономикасы мен бизнесіне өзіндік үлес қосып отырған «Аврора» өз өнімін экспортқа шығарушы алғашқылардың бірі.

Алматы басшылығы мен мемлекеттік бағдарламалар тарапынан қолдауға ие болған мегаполистің өндіруші кәсіпкерлігінің мақсаты – Қазақстан нарығын толық игеріп, экспортқа шығу.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *