Алматылық компаниялар көше, өндірістік жарықшамдарын тегін алып, пайдаланады

Бұған «БалХан компаниясы» ЖШС мүмкіндік жасап отыр

Индустриализациялау картасының қатысушысы «БалХан компаниясы» ЖШС-нің «100 LED жарық сыйлайды» акциясы шаһар компанияларына осындай мүмкіндік беріп отыр. Ком­паниялар акция аясында жа­рықшамдарды керекті мөл­шерде тегін алып, пайдалана алады. «100 LED дарит свет» акциясы 1 қазаннан басталып, жыл соңына, яғни, 31 жел­тоқсанға дейін жүр­гізіледі. Осы мерзім аяқталғанда компания­лар жарықшамдарды сатып алуына немесе қайтаруына болады. Жарық қондырғы­ларын жеткізу, орнату жұмыс­тары әр фирмамен жекеше келісіледі.

Акцияны өткізіп отырған «БалХан» ЖШС 2013 жылдан бері заманауи, энерго­үнем­деуші, жарықдиодты, жарық беру өнімдерін шығарады. «БалХан» ЖШС мемлекеттік «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарла­масы аясында 130 млн. теңгеден астам мөлшерде жеңілдетілген несие алып, оның біразы жапондық өндірістік жабдықтар алуға жұмсалды. Жарықдиодты шамдар өндірісін жолға қойған компания бүгінде «100 LED» сауда маркалы 1000 данадан астам өнім шығарады. Өнім­дердің 5 жылдық кепілдік мерзімі бар.

«БалХан» өндірістік ком­паниясы өз өнімдерін «Энер­гоүнемдеу-2020» бағдарламасы шеңберінде шығарады. Аталған бағдарлама мемлекеттік мекеме­лер мен ұлттық компания­лардың, бизнес-өндірістік ком­пания­лардың энергоүнемдеуші, жарық­диодты энергия көздеріне көшуін қарастырған. Жыл аяғына дейін жүретін «100 LED ДАРИТ СВЕТ» акциясы аясында алма­ты­лық компания­лар өндірістік және көше жарықшамдарын шексіз мөл­шерде (кемі 10 дана) алып, тегін пайдалануына болады.

Акция мерзімі 1 қазан – 31 желтоқсан. Акцияға қатысу жөнінде: 8 (727) 385-47-55, 385-47-53, 8-702-497-37-14, 8-707-847-02-86 телефондарына хабарласуға болады.

«БалХан компаниясы» ЖШС-нің мекен-жайы: Алма­ты қаласы, «Таугүл-3», 13 Б.

Эл.пошта: sales 1@ 100 led.kz

Іnfo @ 100 led.kz

Сайт: www.100 led.kz

 

Р.S. Ақпаратты Алматы қа­ласы Кәсіпкерлік және индуст­риалды-инновациялық даму басқармасы беріп отыр.

 

Нұр ҚАЙЫР.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *