Алматы әлемдегі курорт ретінде танылатын бақ-қалаға айналуы тиіс

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы­ның бесінші тармағы құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізумен байланысты.

«Жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар арқасында Қазақ­станда пайдалануға беріл­ген тұрғын үйлердің көлемі жылына 10 миллион шаршы метрден асты. Тұрғын үйді көпшілікке қолже­тімді еткен тұрғын үй жинақтау жүйесі тиімді жұмыс істеуде. Баспанамен қамту көрсеткіші соңғы 10 жылда бір тұрғынға шақ­қанда 30 пайызға өсіп, бү­гінде 21,6 шаршы метрді құрады.

Бұл көрсеткішті 2030 жылы 30 шаршы метрге дейін жеткізу керек» делінген Жолдауда. Бұған қоса, осы міндетті орындау бары­сында құрылыс салудың жаңа әдістерін, заманауи материал­дарды, сондай-ақ ғимараттардың жобасы мен қала құрылысының жоспарын жасағанда мүлде басқа тәсілдерді қолдану керектігі мін­дет­телген. Бұл ретте ғимарат­тардың сапасына, экологиялық тазалығына және энергиялық тиімділігіне жоғары талап қою қажет. Салынатын және салын­ған үйлер мен инфрақұры­лымдық нысандарды интеллек­туалды басқару жүйелерімен жабдықтау керектігі айтылған.

Жалпы, Алматы қаласы бойынша 2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 1 902,3 мың шаршы метр немесе 16 482 пәтер (102,1 пайызға өсті) пайдалануға берілді. «Нұрлы жер» бағдарла­масы бойынша жалпы аумағы 354,3 мың шаршы метр болатын 89 көпқабатты үй немесе 4 074 пәтердің кілті табысталды. Бұл ретте соңғы он жылда халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету көлемі  30 пайызға өсіп, 21,6 шаршы метрді құрайды. Ал Алматы қаласы бойынша бір адамды тұрғын үймен қамтамасыз ету көлемі 24,0 шаршы метр. Жыл сайын Алматы қаласында тұрғын үй құрылысы кең қанат жайып, тұрғындары биік те, көрікті, тұр­мыстық барлық жағдай жасалған пәтерлерге қоныстанып жатқаны бізді де қуантады.

Алматы қаласы құрылысының бас жоспары 2002 жылы бекітілді. Араға екі жыл салып, 2004 жылы бас жоспарға өзгертулер енгізілді. Түзетуге сәйкес, бас жоспарды қолдану мерзімі 15 жылға – 2030 жылға дейін деп есептелген. Қала маңының дамуының тұжырым­дамасы келесі тармақтардан тұрады: Алматыны қалыптасты­ру­дың ұлттық идеясы, туризм индустриясын жасау, өндірістік зона, көлік инфрақұрылымын, экологиялық мәселелерді шешу, яғни жасыл аймақ құру. Алматы қаласының шекарасы енді ұлғай­тылмайды. 2030 жылға дейінгі мегаполистің бас жоспары қала ішіндегі аудандарды дамытуды көздейді. Қала маңындағы инфра­құрылым да жетілдірілмек.

Қаланы  өркендетудің  Бас  жоспарына  сәйкес Алматы  әлем­дегі курорт ретінде  танылатын  бақ-қалаға  айналуы тиіс. Соған орай еліміздің  қаржы, мәдениет  және  білім, туристік орталығына да айналады.

Бас  жоспарда  ескі орталық­тың  ғажап келбетін  сақтау, қала­ның  барлық  аудандарында  өте қолайлы баспаналар, бұрын­ғы  кенттердің орындарына қазіргі  заманғы тұрғын үй-мәдени  орта­лықтар  салу, көлік инфрақұ­ры­лымын және санитарлық-қорға­ныс  белдеулерін   кешенді   дамы­ту жайы көрсетіледі. Бас жос­пар­дың негізгі  басымдығы қала­сында тұруға өте қолайлы жағ­дай­лар жасау принципі болады.

Бас  жоспардың  шеңберінде  аймақтық инвестициялық карта   жасалды, соның  жәрдемімен  аумақ­тардың  функциялары, салына­тын үйлердің  түрлері  жеке бөліп  көрсетіліп, жаңа құрылыс   аудандары  айқындалды. Осы   тұжырымдаманы   жүзеге   асыру   қаладағы құрылыстың  барлық  жұмысын   жүйелеуге, осы мақ­сат­тарға жеке  инвестицияларды  тартуға   мүмкіндік  береді. Басым  бағыт  болып  бұрын   қолданыл­ған нүктелік  құрылыстың   орны­на құрылысқа   кешенді  тұрғыдан  келу   белгіленді. Мұның өзі  әсем  де қолайлы тұрғын үй аудан­дарын, сапалы  инфрақұрылымы бар іскерлік орталықтарды  салуға   мүмкіндік  береді.

 

Төлеухан ИСМАИЛОВ,

Алматы қаласы Сәулет және

қала құрылысы басқармасы

басшысының орынбасары.

 

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *