АЛМАТЫ ӘЛЕМ ҚАЛАСЫНА АЙНАЛЫП КЕЛЕДІ

Биыл Алматыда біраз шаруаның басы қайырылды. Келер жылға жоспарланған, жасалатын шаруа да аз емес. Шаһардың сәулетіне сәулет қосып, көркіне көрік берген биылғы жылдың бірқатар игілікті,  маңызды жұмыстарына шолу жасап, назарларыңызға ұсынуды жөн санадық.

Мәншүк БЕКБОСЫН

Алматыда Біріккен Ұлттар Ұйымының үйі ашылды

BRT желісімен 18 метрлі автобустар шықты. Жолаушылар ағынының артуына орай мегаполисте BRT желісі бойынша  №205 жаңа бағыт ашылды. Жаңа бағыт бойынша 30 бірлік жаңа автобус жолға шықты. Қоғамдық көліктің қозғалыс жиілігі 5 минут. Төмен еденді автобустардың сыйымдылығы 180 адамнан асады. Көлікте кондиционер, бейнебақылау камералары және төрт жерде «ОҢАЙ» терминалы орнатылған.

Алматының «солтүстігі мен оңтүстігі» жаңа эстакада арқылы қосылды. Алматыда теміржол бойымен эстакада арқылы Назарбаев даңғылын Жансүгіров көшесіне дейін үңгілеу жұмыстары аяқталды. Аталған аумақ тәулігіне 48 мың көлікті өткізуге қауқарлы.

Алматыда 524 көше жөнделді. Қала бойынша ескі 1400 аула жөндеуден өтті. 300 шақырым арықтар желісі салынып, жөнделді. Сонымен қатар, 800 шақырым инженерлік желілер тартылды.

Орталық мәдениет және демалыс саябағы жаңарды. Бүгінде Орталық саябақ аумағында жаяу жүргіншілер жолы жаңартылып, жарық бағаналары, навигация орнатылып, жасыл желек отырғызылуда. Бұрын көлік тұрағы болған жерде спорт алаңдары, стрит-воркаут, баскетбол және футбол алаңдары, роллердром мен скейтодром пайда болған.

Жазғы сахнаның шығыс жағында түрлі-түсті алма бағы мен инсталляцияланған жаңа субұрқақ іске қосылды. Сонымен қатар, он жылға жуық бос тұрған ескі субұрқақ қайта жөндеуден өтті.

Алматыда Біріккен Ұлттар Ұйымының үйі ашылды.

Алматыда Жандосов көшесі бойындағы Ақсай өзені арқылы өтетін көпір жөндеуден өтті. 1963 жылы салынған көпірдің үстімен Наурызбай және Қарасай аудандарының автокөліктері жүреді. 2015 жылы бұл көпір апатты деп танылған еді.

Алматы Люблянда өткен ақылды қалалардың «Smart cіty–2018» Еуропалық форумында көлік жүйесін кешенді реформалау бойынша бірінші орынды иеленді.

Жамбыл атындағы кітапхана күрделі жөндеуден өтті

Алматыда «Туризмді дамытудың 100 қадамы» жол картасы қабылданды. Соның аясында қала сервисі мен оның инфрақұрылымын жақсарту бойынша жұмыс одан әрі жалғасуда.  «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен бірге «Алматы-1» және «Алматы-2» вокзалдарын қайта жөндеуден өткізу мен қызмет сапасын жақсарту барысында біріккен жоспар қабылданды.

«Алматы-1» және «Алматы-2» теміржол вокзалдары қаланың коммуналдық меншігіне қайтарылады.

«Туризмді дамытудың 100 қадамы» жол картасы аясында биыл халықаралық «Сайран» автовокзалы мен оған тиісті аумақ және «Саяхат» автобекеті қайтадан қалпына келтіріледі. Осылайша талай жылдан бері «қалың ұйқыда» жатқан бұл орындардың бойына қайта қан жүгіріп, мәртебесі биіктей түспек.

Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жамбыл атындағы  кітапхана күрделі жөндеуден өтіп, жастардың зияткерлік орталығы ретінде есігін айқара ашты. Күрделі жөндеуден өткен кітапханада кітаптардан бөлек, электронды ақпаратпен жұмыс  істеуге, жаңа шығармалармен танысуға, деректі және ғылыми-танымдық фильмдерді көруге мүмкіндік беретін заманауи «Open space» орталығы бар. Сонымен қатар, кітапхана жоғары жылдамдықтағы WІ-FІ желісіне қосылған. Оқырмандарға ыңғайлы болу үшін тамақтану бөлмесі де жұмыс істейді.

«Южный» саябағы жаңаша түрленбек. Жобаға сәйкес саябақта жарық көздерін жаңарту, субұрқақтар жасау, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін қою, бұрыннан бар арықтарды жаңарту, сонымен қатар балалар мен спорт алаңдарын, веложолдар жасау қарастырылған.

«Алматы қаласы жастарын қолдаудың жол картасы» аясында  «Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасының екінші кезеңі өтті.

Жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында заңсыз көлік тұрақтары алынып, орнына жаяу жүргінші жолдары ретке келтірілді. Барлық жерасты  өтпелі жолдары күрделі жөндеуден өтіп, жаңа субұрқақтар салынды. Бұған дейін қайта жөндеуден өткен Панфилов, Жібек жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Байсейітова,Төлебаев көшелері мен «Астана» алаңы сияқты  мегаполистің басқа да бірқатар негізгі даңғылдары түгелдей жаңарады.

«Алматыны дамытудың 50 драйверінің» бірі болып табылады

Қала әкімі Бауыржан Байбек «Алматыны дамытудың 50 драйвер-жобасы» жобасының басталғанын хабарлады.

Қаланың тарихи келбетін қайта қалпына келтіруге көңіл бөлінді. Қаланың тиісті басқармалары мен коммуналдық қызметтеріне бұрыннан бар субұрқақтарды қалпына келтіруді, жүргіншілер аймағын кеңейтіп, мекемелер маңындағы жасыл желекті ретке келтіріп, тарихи ғимараттардың сыртына ежелгі келбетін қайтару тапсырылды. Жалпы, үстіміздегі жылы қаланың тарихи орталығын жаңарту жалғасын табады.  Ғимараттардың сырты жаңарып, жаяу жүргіншілер аймағы кеңейіп, барлығы сәулеттік сипат алмақ. Аталған жоба  Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы мегаполисті модернизациялау және одан әрі экономикалық дамытуға қатысты жасалған «Алматыны дамытудың 50 драйверінің» бірі болып табылады.

Алматыда велосипед қоюға болатын құрылғысы бар қоғамдық көліктер жүре бастады. Қоғамдық көліктің алдыңғы бөлігінде орналасқан бұл жаңа қондырғылар Қазақстанда велоспорттың жаппай дамуына әсерін тигізбек. Жалпы, қалада 23 шақырым велосипедке арналған жолдар салынған.

Қалада біржақты жол қозғалысы енгізілді. Біржақты көлік қозғалысын енгізу көше-жол қозғалысы желісіне түсетін жүктемені азайтуға және көлік құралдарының орташа жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді. Жобаны іске асырудың мақсаты – көше-жол қозғалысы желісіне түсетін жүктемені, жолдардағы апатты оқиғаларды азайту, жолдардың өткізу қабілеттілігін, көлік құралдарының орташа жылдамдығын арттыру болып табылады.

Мегаполисте заңсыз дүңгіршектерді бұзу жұмыстары жалғасып жатыр.

Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Тұлпар мініп, ту алған!» атты байқауда Алматы оқушылары «Алпамыс батыр» жырын  жатқа айтып жарысты.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы жарияланғаннан кейін қолға алынып, жүзеге асырылған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы жобалар бір жылдық қорытындысын шығарды. Соның ішінде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы  аясында 18 оқулық қазақ тіліне аударылып,  он мың данамен басып шығарылды. Сонымен қатар, жарық көрген кітаптар  Қазақстанның ірі жоғары оқу орындары мен кітапханаларына да таратылды.

Түрксіб ауданында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Мейірім» оңалту орталығы ашылды. Орталықтың ашылуына алматылық кәсіпкер Қайрат Боранбаев ұйтқы болыпты. Ол «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жеке қаржысы есебінен 2 млрд. теңге инвестиция құйып, игі шараның жүзеге асуына себепкер болған.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *