Алматы клиникаларына 31 млрд. теңгеден аса қаржы төленді

Жыл басынан бері мемлекеттік тапсырыс негізінде халыққа тегін қызмет көрсеткен алматылық медицина ұйымдарына 31,4 млрд. теңге төленді. Бұл жайлы «Әлеуметтік медици­налық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев айтты.

Филиал басшысының айтуынша, бүгінгі таңда Алматы қаласы бойынша 184 медицина ұйымы мемлекеттік тапсырыс алған. Бұл ретте бюджет қаржысы есебінен халыққа тегін көмек көрсеткен емдеу мекемелерінің жүзден астамы – жекеменшік. Ал кепілден­дірілген тегін медициналық көмек бойынша 105 млрд. теңгеден аса қар­жының қызметтері көрсетіледі. Осыған орай Тілеухан Әбілдаев «Жекеменшік сала Қормен қоян-қолтық жұмыс істеуге дайын екенін дәлелдеді. Бұл ретте біз әрқашан бәсекелестікті күшейтуге, сапаны арттыруға күш салатын боламыз. Өйткені, бәсеке медициналық көмектің қолжетімділігін арттырары сөзсіз», – дейді.

Атап айтқанда, Медициналық сақ­тандыру қоры 2018 жылдан бастап кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетінің қаржылық операторы міндетін атқарады. Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап ол медициналық ұйымдардан МӘМС пакеті шеңберінде көрсетілетін қызметтерді сатып алумен айналысатын болады.

Дайындаған – Құттыбек АЙМАХАН.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *