Алматы әкімдігінде кадрлық өзгеріс болды

Ерлан Әукенов шет елдегі оқуын – Лондондағы экономика және саяси ғылымдар мектебі магист­ратурасын «Қалалардың дамуы» бағдарламасы бойынша бітірген соң, Алматы әкімінің орынбасары лауазымына қайта оралды.

Оқу барысында урбанизация, қала агломерациясын қалыптастыру, экономи­калық аймақ құру, көлік жүйесі мен инфрақұрылымды да­мыту, олардың әлеуметтік-экономи­калық процестер мен қала эколо­гиясына әсері бойынша білім мен тәжірибе жинады. Әлемнің ұсақ және  ірі мегаполистеріндегі «Green Economy» және «Resіlіent cіty» сынды әлемдік тәжірибенің заманауи концепцияларын енгізу мәселелерін зерттеді.

Алматы әкімдігінде Ерлан Әукенов  көлік, әлеуметтік және халықты еңбекпен қамту, ТЖ салаларына басшылық жасайды. Ол 2015 жылдың тамыз айында Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалып, индустриалды-инновациялық даму, сауда, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелерін басқарған болатын. Екі жыл бойы абыройлы қызмет атқарған соң, шет елде білімін жетілдіру мақсатында оқуға жіберіл­ген еді.

Өз кезегінде қала әкімінің орын­басары Мұрат Дәрібаев басқа  жұ­мысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

Алматы қаласының әкімі Бауыр­жан Байбек  Мұрат Дәрібаевқа  атқарған қызметі үшін алғыс айтып, табыс тіледі. Соңғы жылдары ол еңбек пен әлеуметтік қорғау, қоғам­дық көлікті жаңарту, жолды жөндеу мен салу салаларында, соның ішінде БРТ желісін жүзеге асыруда ауқымды жұмыстар атқарды.

           «АҚШАМ-АҚПАРАТ».

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *