«ALMATY JUMYS» бос орындар жәрмеңкесі 

Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы UІB Халықаралық Бизнес университетімен бірлесіп, жастармен биыл жоғары және арнаулы орта оқу орындарын бітіруші түлектерге арналған «ALMATY JUMYS» маманданды­рылған бос орындар жәрмеңкесін өткізді. Бос орындар жәрмең­кесін Халықаралық Бизнес университетінің президенті Дархан Ахмед-Заки ашты.

Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқар­масының басшысы М.Отын­шиев сөз сөйлеп, бос орындар жәрмеңкесінде 2 мыңнан аса бос орын ұсынған, 325 жұмыс берушілер қатысты. Олардың ішінде «MOSKVA metropolіtan» ЖШС,  «СП» ЖШС, «КОКА КОЛА» Алматы БОТТ­ЛЕРС», «MІNІSO KAZAKHSTAN» ЖШС, «Нұрбанк» АҚ, «Қазақстан» қонақүйі, «Gulser Computers» ЖШС,  «Халық банк», «Nestle Food Kazakhstan», «Уют» қонақ үйі бар. Сонымен бірге, Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы, «ДАМУ» кәсіпкерлікті қолдау қоры қатысты. Халықты жұмыспен қамту орталығы мамандары Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде әсер етудің белсенді шаралары туралы жәрмеңкеге қатысушыларға кеңес берді және ақпа­раттандырды. Бос орындар жәрмеңкесіне 3 мыңнан аса жұмыс іздеушілер мен жоғары оқу орындарының түлектері келді. Жұмыс іздеушілердің 300 түйіндемесі мен сауалнамалары қабылданды.

Жоғары оқу орындарының сту­денттері мен түлектері үшін, жәр­меңкеге келу­шілерге  «Маркетингтің заманауи тренд­тері», «Түйіндемені қалай дұрыс жасау керек және жұмыс берушімен қалай сұхбаттасу­дан өту керек», «Заманауи қаржы­гер», «Компания туралы тұсау­кесер» және басқа да шеберлік сыныптары ұйымдастырылып, «Жұмыспен қам­ту–2020» бағдарламасы бойынша Алматы қаласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, жаңа бағыттармен таныстырды, жұмыс берушілер форумы өтті.

«ALMATY JUMYS» жәрмең­кесінің қорытындысы бойынша 1000-нан аса адам кеңес алды.

М.СҮЙІНДІКОВ,

Алматы қалалық Жұмыспен қамту орталығының директоры.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *