АЛМАТЫ ҮЙЛЕРІНЕ КӨМІРҚЫШҚЫЛ ГАЗЫН АНЫҚТАЙТЫН ДАБЫЛ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ ОРНАТЫЛУДА

Қазақстан Республикасының әрбір азаматы үйдегі өрт қауіпсіздігі — негізделген қажеттілік екенін жақсы біледі. Дегенмен, білу – бір бөлек, ал түсіну – мүлдем басқаша.

Өкінішке орай, от қауіпсіздігіне жауап­сыз қарау, электр жабдықтары мен пештер­ді пайдалану ережелерін бұзу қалада күн сайын орын алатын апаттардың негізгі себептері болып қала береді.

Жылыту маусымының басталуына дейін бір ай бұрын Алматы қаласы Төтен­ше жағдайлар департаментінің жеке құра­мы аумақтағы барлық үйлерді толықтай аралап шыққан еді. Ал жылыту маусымы аясында   департамент қызметкерлері қала тұрғында­рымен апта сайын кездесулер өткізіп келеді. Кездесу барысында тұрғын­дарды көбінесе  өз  үйлеріндегі пештердің өрт қауіпсіздігі жағдайы алаңдататыны анықталды.

Жалпы, департамент жекеменшік тұрғын секторында орналасқан 145 мыңнан астам тұрғын үйді есепке алды. Жазатайым оқиға болған 20 мыңнан астам үйлер қайтадан тексерілді. Үй иелеріне өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы жадынамалар берілді. Сондай-ақ, 8395 адамды қамтыған 486 жиналыс өткізілді.

«Әр үйге қауіпсіздік» науқаны аясында Алматы құтқарушылары пешпен жылыты­латын жекеменшік үйлерге көмірқышқыл газын анықтайтын дабыл құрылғыларын орнатты. Бұл құрылғылар негізінен әлеу­меттік жағдайы аз қамтылған отбасыларға және қарт адамдардың үйлеріне қойылды.

Уытты заттардың рұқсат етілген концен­трациясы мөлшерінен асып кеткен жағ­дайда, көмірқышқыл газын анықтайтын дабыл құрылғысы іске қосылып, тұрғын­дарға қауіптілік туралы апаттық-дыбыстық сигнал естіледі. Бүгінгі таңда мұндай құрыл­ғылар қала бойынша  136 жеке­меншік үйге орнатылды.

2019 жылдың 9 ақпанында Алматы гарнизонының жеке құрамы ЖПҚ-ы, аудандық әкімдіктер, «Нұр Отан» партиясы және  ҚР Қызыл Жарты Ай қоғамының еріктілерімен бірлесіп,  8 мың 364 тұрғын үйді тексеріп, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы 10 мыңнан астам  жадына­ма табысталды.

Алматы қаласының Төтенше жағдай­лар департаменті қызметкерлері тарапынан жекеменшік тұрғын үйлерде өрттің алдын алу шараларына қатысты жұмыстар жылы­ту маусымының аяғына дейін  жалғасатын болады.

 

Алматы  қаласы  ТЖД  баспасӨз  қызметі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *