Алматы ипподромы мен «Сайран» автовокзалы

мегаполистің тарихи-мәдени мұралар нысандарының алдын-ала жасалған есебі тізіміне енгізілді

Қазақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұралар  нысандарын  қорғау және пайдалану туралы» Заңы негізінде нысанға тарихи және мәдени  ескерткіш мәртебесін  беру үшін ол  алдын-ала жасалған есеп тізіміне  енгізіледі.

Нысанның мәртебесі туралы нақтылы шешім қабылданғанға дейін осы  Заңға сәйкес ол тарихи-мәдени мұралар ескерткіш­терімен бірдей қорғалады.

Заңға сәйкес оны пайдаланушы ескерткішті қорғауы тиіс. Яғни  ғи­мараттың сыртын, ішін қайта жасауға, конструк­цияларын алу, қосалқы құрылыс салуға, мақсатты пайдала­нылуын және айналасын өзгертуге тыйым салынады. Ғимараттың ішін жөндеу немесе қайта жасау үшін өкілетті органның келісімі қажет.

Еске сала кетейік, бұған дейін  Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек «Сайран» автовокзалын заңнамаға сәйкес жергілікті маңызы бар тарихи ескерткіштер тізіміне енгізу туралы мәселені қарауды тапсырған болатын. Кейін меншік иесі аймақты дамытудың алдын-ала жасалған  тұжырымдамасын ұсынды. Автовокзалдың көлік логистикасын толық қайта жасау және оның айнала­сын субұрқақтармен, кафелермен, жасыл желектермен және балалар алаңдарымен қоса толық абаттандыру жоспарланған.

Сонымен қатар, Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы бойынша ҚІЫО «Атакент» АҚ-мен   арадағы 23 гектар жерді уақытша жалға беру жөніндегі келісім  күшін жойды. Кейін «Ата­кенттің»  басқарушы компаниясы жеке меншіктегі  8 гектар жерді де тегін қайтару жөнінде міндеттеме алған еді. Көрме кешенінің басшы­лығы «Қала жаяу жүргінші үшін» концепциясына сай оның айналасын абаттандыру жұмыстарын одан әрі жалғастыратын болады.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *