Алматы – ел қазынасының 25 пайызын көтередi

Берiк СӘДУАҚАС

Насихатшылар қаланың бiрнеше кәсiпорындарында болды

Экономикалық даму және сауда министрi Жанар Айтжанова бастаған Үкiмет мүшелерi мен Парламент депутаттарынан құралған үгiт тобы биылғы Елбасы Жолдауынан туындайтын тапсырмаларды насихаттау мақсатында қаламыздағы кәсiпорындарда, қоғамдық ұйымдарда болып, қарапайым еңбеккерлермен тiкелей жүздестi.

ҚР Сыртқы iстер министрлiгiнiң, сыртқы саяси талдау және болжау комитетi төрағасының орынбасары Серiк Әлiбаев қазақ бiлiмiнiң қарашаңырағы саналатын Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетiнде болып, бiлiм ордасының ұжымымен, студенттерiмен кездестi. Қазiргi таңда бұл жоғары оқу орнында 13128 мың бiлiмгер дәрiс алса, 250-ге жуық профессор, оқытушылар құрамы студенттердiң бiлiмiн ұштайды. Елбасы өзiнiң Жолдауында ЖОО-лардың инновациялық қызметке көшу тетiгiн қалыптастыру туралы айтқан едi. Серiк Әрiпбайұлы жаңа технологиялық үдерiстердi меңгерудiң өзi инновацияға деген алғашқы қадам екендiгiн, сондықтан теориялық бiлiмдi практикамен ұштастырудың маңызы өте қажеттiгiн айтты. Студенттер өздерiн толғандырған көптеген күрделi сауалдарға жауап алды.

Сондай-ақ халық қалаулысы Гүлжан Қарағұсова қалалық Еңбекпен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар департаментiнде болды, әлеуметтiк жобалардың iске асу барысымен танысты.

ҚР Мәдениет министрлiгiнiң дiн iстерi жөнiндегi комитет төрағасы Ардақ Досжан Орталық дiни басқармада және оның жанындағы медреседе дiн өкiлдерiмен кездестi. Елiмiзде қазiргi таңда 400-ден астам әр түрлi конфессия жұмыс iстейдi. Тек Алматының өзiнде 44 заңды тiркелген дiни орталықтар бар. Ардақ Дүкенбайұлының айтуынша дiн мемлекеттен дербес өмiр сүргенiмен татулыққа, саяси тұрақтылыққа қызмет етуi тиiс.

  • Керек дерек

Алматы – тұтас елiмiздiң iрi қаржы-сауда орталығымен қатар ғылым-бiлiм, мәдениет ордасы да. Алып шаһарымызда елiмiздiң iшкi жалпы өнiмiнiң 5-бөлiгi, республика бойынша салық түсiмiнiң 25 пайызы, көтерме және бөлшек сауда операцияларының 50 пайызы, жалпы сыртқы сауда айналымының 6-бөлiгi, жаңадан пайдалануға берiлетiн тұрғын үйлердiң 16 пайызы, барлық инвестициялардың 10 пайызы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, шағын және орта бизнесте өндiрiлетiн тауар айналымының 40 пайызын қамтамасыз етедi.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *