«Алматыэлектртранс» мекемесі ашық есік күнін өткізіп, 2 мыңға жуық жұмыс орнын ұсынды

Кеше Әуезов және Шевченко көшелері қиылысындағы №1 Троллейбус паркінде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Үміткерлерге «Алматыэлектротранс» мекемесі автобус, трамвай және троллейбус жүргізушілерімен қатар, қоғамдық көліктердегі электрондық, механикалық құрылғыларды жөндеу мамандары тізбегін ұсынды. Қазіргі таңда қаланы жолаушылар тасымалы көліктерімен тұрақты қамтамасыз етіп отырған муниципалды мекемеге жұмысшы күші ауадай қажет. Оның үстіне кейінгі 5 жылда қалаға жеткізіліп жатқан газбен, электр желілерімен қозғалатын көліктердегі электронды құрылғылар соңғы үлгідегі заманауи электроника бағдарламаларымен жабдықталған.

Берік СӘДУАҚАС

– Алғашқы ашық есік күнін біз өткен жылы өткізгенбіз, – деді мекеменің бас директоры Көпжасар Дәкенов, – бірақ, бүгін өткендегіден екі есе көп үміткер жиналуда. Бізді қуантқаны – колледж, лицейден келген болашақ жас маман иелері де қызығушылық танытып отыр осы жұмысқа. Бұл, ең алдымен, қала әкімі Ахметжан Есімовтің тікелей қамқорлығы. Сол кісінің бастамасымен 195 троллейбус, 200 газбен жүретін жаңа үлгідегі автобустар паркімізді толықтырған болатын. Бұдан былай біз мұндай ашық есік күндерін жиі өткізіп отырамыз.

Жұмысқа үміткерлерді ұжым­ның келешегінен, техникалық жабдықтармен және жұмыс барысымен таныстырды. Мекеме басшысының айтуынша, әзірге механиктер мен электронщиктерді Қытайда оқытуға тура келіп отыр. Алайда, отандық орта буын оқу орындарында да осы маман­дық­тарды да үйретуді қолға алғандығы көңілге қуаныш ұялатады.

Жуырда қалалық Жолаушылар тасымалы бойынша баспасөз турында қалалық Жолаушылар көлігі басқармасының жетекшісі Талғат Әбдіхалықов қазіргі таңда муниципалды парктерде 2 мыңға жуық маман жетіспейтінін айтқан еді. Жалақы мөлшері – 110-120 мың теңге. Оның үстіне, 3 ай мерзімдік алғашқы курстары да бар екен. Олай болса, не тұрыс, қимылдап қалайық.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *