АЛМАТЫ ДИАЛОГЫ. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполис тұрғындарымен есептік кездесуi

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК БАҒЫТТАРЫН СУБСИДИЯЛАУ ТУРАЛЫ

 

Б. САҒЫНТАЕВ:

 

«БІЗДІҢ МАҚСАТЫМЫЗ – ЖОЛ ЖҮРУ ТАРИФТЕРІНІҢ

ӨСУІНЕ ЖОЛ БЕРМЕУ”

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполис тұрғындарымен өткен есептік кездесуде шаһарда әлеуметтік маңызы бар қоғамдық көліктердің бағыттары әкімдікпен қосымша субсидияланатынын мәлімдеді.

«Біздің субсидиялаудағы басты мақсатымыз — жол жүру тарифтерінің өсуіне жол бермеу. Сондықтан 2021-2022 жылдарға біз ұсынған есеп бойынша орташа тарифпен 154 әлеуметтік бағыттарға 200 теңге көлеміндегі субсидия 47,4 млрд. теңгені құрайды», – деді қала әкімі Бақытжан Сағынтаев.

2019 жылы субсидия 23,1 млрд. теңгені құрады. 2020 жылға 24,2 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде жеңілдетілген санаттағы жолаушылар үшін тікелей өтемақы 4 млрд. теңгені құрады (2019 жылы – 5,3 млрд. теңге).

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК

Алматыда қоғамдық көлікті жаңғырту жұмыстары қарқын алды. 2019 жылы 450 жаңа автобус сатып алынды. Барлығы қаладағы автобус паркі 92%-ға жаңартылды.

2020 жылға 401 автобус сатып алу жоспарланған. Айта кету керек, биылғы жылдан бастап қалада көбінесе газбен жүретін электроавтобустарды сатып алуға көңіл бөлінбек. 2019 жылы алғашқы 10 электроавтобус іске қосылды. Бұл қала экологиясына зиян тигізбеуге, сондай-ақ қала тұрғындарының жайлылығы мен мобильділігін арттыруға мүмкіндік берді.

Сонымен бірге жолаушылар тасымалын субсидиялау сомасы да артады. Алматыдағы қоғамдық көліктерде жол жүрудің орташа құны 200 теңгені құрайды, оның 80 теңгесін жолаушылар төлейді. Айырмашылық қалалық бюджет есебінен өтеледі. Сонымен қатар, бюджеттен қала тұрғындарының жеңілдігі үшін жолақы (оқушылар, студенттер, мүгедектер үшін).субсидияланады.

МАРШРУТТЫҚ  ЖЕЛІ

Халық санының өсуіне және қала аумағының кеңеюіне байланысты маршруттық  желіні оңтайландыру бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.

Қаланың маршруттық желісі 5 мыңнан астам шақырымды құрайды. Өткен жылы тұрғындардың өтініші бойынша 14 жаңа бағыт ашылды. Оның 8-і қала сыртына бағытталады. Бұл маршрут желісі қаланың орталық бөлігін шеткі аймақ және облыстармен байланыстыруға мүмкіндік береді. Мысалы, Боралдай ауылын Алматы-1 теміржол вокзалымен қосатын №10 маршрут іске қосылды. Көліктік қызмет көрсету сыйымдылығы орташа автобустармен жүргізіледі.

2020 жылы күн сайын 291 автобус шығатындай 24 қалалық және қала маңындағы маршруттар ашу жоспарланған.

Сондай-ақ, Алматы – Қапшағай қала маңы маршрутын ұйымдастыру мәселесі қарастырылуда.

Бұл шаралар орташа жолаушылар ағынын күніне 850 мыңнан 1,2 млн. адамға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, ҚТЖ ҰК АҚ-мен Алматы облысының жақын қалаларына электр пойыздарын іске қосу жобасы әзірленуде. Бұл қаладағы кіріс жолдарына түсетін жүктемені азайтуға, қала маңындағы елді-мекен тұрғындарының мобильділігін арттыруға мүмкіндік береді.

МЕТРОПОЛИТЕН

Метрополитен желілерінің құрылысы қоғамдық көлік мәселелерін шешетін маңызды бағыттардың бірі. Бүгінде 9 станса жұмыс істеуде. Желі ұзындығы 10,3 шақырымды құрайды. Электр пойыздарының 7 құрамы бар. Жолаушылардың орташа ағыны тәулігіне 45-50 мың адам. Сондай-ақ ұзындығы 3,1 шақырым болатын «Сарыарқа» және «Достық» стансаларының құрылысы Абай даңғылы бойымен батыс бағытта және Алтынсарин даңғылынан Момышұлы көшесіне дейін жалғаспақ.

Аталған стансаларды 2021 жылдың соңына қарай пайдалануға беру жоспарлануда. Желінің бұл учаскесі қаланың тыныш аудандарын іскер орталықпен байланыстыруға мүмкіндік береді. Ал жолаушылардың жоспарлы ағыны тәулігіне 86 мың адамды құрайды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматы қаласы әкімінің халықпен есептік кездесуіне рекордтық 4 мың адам жиналды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *