АЛМАТЫДАН АБАЙ ЕЛІНЕ

Алматы–Семей–Алматы – FlyArystan-ның жаңа бағдары

FlyArystan Алматы–Семей–Алматы жаңа бағыты бойынша билеттер сатылымын ашық деп жариялайды. Аталмыш бағыт Семей–Нұр-Сұлтан әуеқатынасынан кейінгі екінші бағдар болмақ.

Билеттер сатылымы flyarystan.com сайтында 2020 жылдың 28 наурызына дейін орындалатын рейстерге ашық екенін атап кеткен жөн. Біржақты билет құны 5999 теңгеден басталады, ал аталмыш баға нарықта ұсынылып отырған бағадан 73% арзан екеніне назар аударамыз.

– FlyArystan-ның басты мақсаты – сұранысқа сай бағыттарды халыққа тиімді бағамен ұсыну. Сол себепті, бұл жаңа бағытты ашу біз үшін үлкен қуаныш. Бұдан былай туған-туысқандарымен жиірек көрісуді армандаған қазақстандықтардың ойлары жүзеге асып, 13 желтоқ­саннан бастап семейліктер Алматыдағы жақындарына жайлы әрі небәрі бір жарым сағатта жете алатын болады. Осының бәрі Семейден/ге рейстерді екі еселендірудің арқасында пайда болған мүмкіндік екенін атап кеткен жөн, – деп мәлім етті FlyArystan-ның сату және маркетинг бөлімінің директоры Жанар Жайлауова.

Естеріңізге сала кетсек, осы айдың басында FlyArystan-ның әуепаркіне тағы бір ұшақ қосылып, Нұр-Сұлтаннан Семейге жаңа рейстер ашылған болатын. Қазіргі таңда лоукостердің рейстерді уақыты орындау көрсеткіші 93% құраса, борттардың орташа жүктеме коэффициенті 94% дейін жетті. 2020 жылдың соңына дейін компания флотын 10 әуелайнерге дейін жеткізу көзделіп отыр.

Керек дерек:

 

* FlyArystan бюджеттік әуе компаниясы  Алматы қаласында негізделіп, Skytrax World Aіrlіne Awards бағалауынша қызмет көрсету сапасы 4 жұлдызға сәйкестеніп, Орталық Азия мен Үндістандағы ең үздік компания деп танылған, «Эйр Астана»  әуетасымалдаушысының бөлімшесі.

* FlyArystan әуефлотының орта жасы 6 жыл,  180 орны бар 2  Aіrbus 320-232 ұшақтарынан құралған.

* 2022 жылға қарай парктегі әуекемелер санын 15 дейін жеткізіп, оларды Қазақстанның бірнеше ірі қаласында негіздеу жоспарланып отыр.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close