Алматыда жылу маусымы 15 қазанда басталады

Қаланың Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы берген мәліметке сәйкес, биыл Алматыдадағы жылу маусымы 15 қазанда басталады. Ал әлеуметтік нысандарға, атап айтқанда, мектеп, балабақша мен ауруханаларға жылу 12 қазаннан беріле бастайды.
Жаңа жылу маусымына дайындық жұмыстарының барлығы белгіленген кестеге сай жүруде. Қаланың жылуэнергия кешендері алдағы жылу жұмыстарына 100 пайыз дайын.
Биыл шаһарда 12 шақырым жылу желісі, 23 шақырым электр желісі, 283 шақырым су құбыры мен 267 шақырым кәріз желісі күрделі жөндеуден өтті.
Н.АСЫЛ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close