Алматыда жаңа жол айрығы салынуда

Қала тұрғындарына «әуежай айналма жолы» ретінде таныс Құлжа тас жолының Бұқтырма көшесімен қиылысқан тұсындакөлік нөпірі сейілмей тұр.

Шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев осы мәселеге айрықша көңіл бөліп, өзінің инстаграм парақшасында қаланың «шығыс қақпасы» жанындағы қозғалысты жеңілдететін көлік айрығы салынатынын хабарлады.

Жоба бойынша мұнда төрт және алты жолақты қозғалысы бар заманауи көп деңгейлі жол өткелі салынады. Құлжа трактісі бойынша эстакаданың ұзындығы — 784 м, Бұқтырма көшесі бойындағы туннельдің ұзындығы — 570 м болмақ. Іргелес аумақты абаттандыру кезінде 750 ағаш егіледі.

Қала әкімінің айтуынша, келесі жылдың соңына қарай жол айрығы пайдалануға берілгеннен кейін Бұқтырма көшесінің өткізу қабілеті 30%-ға, ал Құлжа трактісі бойынша 15%-ға өседі. Жалпы бұл жол айрығы Түрксіб ауданы мен қала маңындағы елді-мекендердің 350 мыңға жуық тұрғынының жүріп-тұруына қолайлы жағдай туғызбақ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *