Алматыда жаңа авто ХҚКО ашылады

Бұл жаңа фронт-кеңселер халық көп шоғырланған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында ашылады. Бұл жайында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева өзінің әлеуметтік парақшасында жазды.
Ол: «Бұл мегаполистердегі халықтың өсуі жедел шаралардың қабыл¬дануын талап етеді. Мысалы, биылғы жарты жылда Алматы мен Нұр-Сұлтан шаһарларында ғана 3,5 млн. қызмет көрсетілген. Енді тамыз айының соңына дейін біз тағы да Астана мен Алматыда қосымша бір-бір халыққа қызмет көрсету орталықтарын ашатын боламыз. Одан қалды, Алатау ауданындағы ХҚКО-ы да бір айлық үзілістен кейін қайтадан өз қызметін жандандыратын болады», – деп атап көрсетті.
Әрине, қазір елде мамандандырылған ХҚКО саны артып келеді. Мәселен, Алматы қаласында алтыншы автоХҚКО ашылса, оның іргесіндегі Талғар және Қарасай аудандарында тағы бір-бір орта¬лық іске қосылады. Бұл ретте Ә.Балташева жаңа орталықтардың енді тамыз, қыркүйек айларында ашылатынын айта келіп, одан әрі «Ең үлкен көлік базары осы мегапо¬листе, жақын жатқан облыс тұрғындары сонда барып көліктерін сатып, жаңасын алып, тіркеу рәсімдерін де сонда жасатады. Жарты жыл ішінде Қазақстанда көлік секторы бойынша көрсетілген қызмет саны 1,5 млн.-ға жуық болса, оның 24 пайызы да осы Алматыға тиесілі», – деп атап өтті. Сон¬дай-ақ, оның айтуынша биылғы жылы Шымкент қаласында да маманданды¬рылған 3 бірдей ХҚКО іске қосылып, қызмет көрсете бастайды екен.
Бүгінде Қазақстанда 328 фронт-кеңсе жұмыс істейді. Ал көрсетілетін қызмет түрлеріне қарай олар – ХҚКО, сандық ХҚКО, көші-қон ХҚКО-сы, мамандан¬дырылған ХҚКО-лар болып жіктелетін көрінеді. Сөйтіп, жыл басынан бергі 6 айда онда қазақстандықтарға 15 млн. қызмет көрсетілген еді. Атап өтетіні, бұған дейін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің министрі Асқар Жұмағалиев азаматтарға қызмет алу кезінде барынша ыңғайлы жағдай жасау үшін жаңа ХҚКО-ларды, әсіресе, мамандандырылған ХҚКО-ды көптеп ашу керектігін айтқан болатын.

Жыл басынан елдегі ЖІӨ өсімі
4,2 пайызды көрсетті
Биылғы жылдың 7 ай қорытындысы бойынша, еліміздің жалпы ішкі өнімінің өсімі 4,2 пайызға дейін жеткен. Бұл туралы Үкімет отырысында баяндама жасаған Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты.
Ұлттық экономика министрі биылғы 7 ай қорытындысы бойынша берген есе¬бінде: «Биыл ішкі өнімнің өсімі 4,2 пайызға дейін жетті. Серпін өнер¬кәсіптегі, құры¬лыстағы және көрсетілетін қызметтер са¬ласындағы жеделдеумен, сондай-ақ ауыл шаруашы¬лығы мен негізгі капиталға са¬лын¬¬ған инвестициялардың тұрақты қар¬қын¬дауымен қамтамасыз етіліп отыр. Ал инфляция деңгейі жылдық мәнде 5,4 пайыз¬ды құрады. Бұл инфляция дәлізінің 4-6 пайызын құрайды», – деді.
Министрдің айтуынша, инвестициялар серпіні жалпы ішкі өнімнің өсу қарқы¬нынан 11,3 пайызға озық болып отыр екен. Сөйтіп, инвестициялар ауыл шаруашылы¬ғында 61,4 пайызға, құрылыста 46,3 пайыз¬ға, саудада 23,0 пайызға және өнеркәсіпте 18,9 пайызға өскен.
Ескеретіні, Руслан Дәленов бұдан екі ай бұрын да ЖІӨ өсімі 4 пайызды құрағанын айтқан болатын.

Дайындаған — Қ.АЙМАХАН.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *