Алматыда жұмыссыз режим 30 сәуірге дейін ұзартылды

Серік Жұмабаев.

Алматы қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдай жөніндегі жедел штабтың шешімімен барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы тоқтатылды. Рұқсат тек қаланың өмірін қамтамасыз ететін ұйымдар үшін беріледі. Осы күнге дейін рұқсат алған және мәліметтер базасына енген компаниялар қалада кедергісіз жүре алады.

Сонымен қатар, карантин мерзімінің ұзартылуына байланысты ағымдағы жылдың 13 сәуірінен бастап карантин уақытында қозғалуға рұқсат етілген ұйымдар қызметкерлерінің ЖСН және автокөліктің мемлекеттік нөмірін тексеру сервисі және өтінімдерді қабылдау бойынша бірыңғай платформа жұмыс істей бастайды. № 8 хаттамаға сәйкес жұмысқа рұқсаты бар барлық адамдар өтініштерді 14 сәуір сағат 23:59-ға дейін тапсыруы керек. (Хаттамаға сілтеме: https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=36601581#pos=5;-106 ). Компаниялардың бірінші басшылары ЭЦҚ көмегімен порталға өз бетінше өтінім бере алады. Бұл шара ұйымға қатысы жоқ тұлғалардың дерекқорға енгізілуін болдырмауға мүмкіндік береді.
Қате және жалған ақпарат бергені үшін бірінші басшылар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Бұл ретте қолданыстағы мәліметтер базасы бірыңғай платформада жаңа өтінімдер түпкілікті өңделгенге дейін жұмыс істейтін болады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *