АЛМАТЫДА ҮЗДІК АВТОБУС ЖҮРГІЗУШІСІ КІМ БОЛДЫ?

Құттыбек АЙМАХАН

Өткен аптада Алматыда қала әкімдігі мен «Green Bus Company» компаниясының ұйымдастыруымен «2018 жылдың ең үздік автобус жүргізушісі» дәстүрлі байқауы болып өтті. Оған қаладағы ірі деген жеті автопарк пен 23–45 жастар аралығындағы және 5 жылдан төмен емес жұмыс өтілі бар алдын-ала іріктелген 10 автобус жүргізу­шісі қатысты.

Атап өтетіні, көлік жүргізушілері күні қарсаңында биыл «Үздік автобус жүргізу­шісі» байқауы осымен үшінші жыл қатарынан өтіп, дәстүрге айнала бастады. Бұл жолы байқау бірнеше кезеңге бөлінді. Онда қоғамдық көлік жүргізушілер – жол қозғалысы ережесін білу, күйзелісте жыл­дам ширығу, алғашқы көмек көрсете алуы және көлік жүргізу мәнері секілді талаптар бойынша сынға түсіп, өз біліктерін байқады.

Осыған сай, қазылар алқасының мүше­сі, Көліктегі мамандар біліктілігін көтеру орталығының психологі Ғалым Ғаббасов «Біз жүргізушілер жиі кезігетін 10 қиын жағдайды таңдап алдық. Онда жүргізушінің жұмыс кезінде тап болатын түрлі оқиғалар­дағы тез шешім қабылдауы мен іс-әрекеті таразыланатын болады», — деп атап айтты.

Сөйтіп, аса тартысты өткен байқау нәтижесінде 2018 жылдың үздік жүргізу­шісі болып, «Green Bus Company» ЖШС №2 автопаркінің №121 бағыттағы жүргізу­шісі Саттар Сапарғалиев танылды. Ал екінші орынды – Алматы қаласы №2 автобус паркінің №31 және №67 бағыт­тарда қызмет көрсететін жүргізушісі Валерий Шульга, үшінші орынды – №1 коммуналдық автопаркінің жүргізушісі Замир Аманбеков иеленді.

Әрине, мұндай байқауды өткізген өте дұрыс. Өйткені, олар жүргізушіні өз жұмы­сына ынталандыра түседі әрі автобус жүргі­зушілері арасында «Алматыдағы үздік жүргізуші бізде жұмыс істейді» деген мақ­таныш сезім туғызады. Сол себепті, байқау соңында үздік деп танылған жеңім­паздар бағалы сыйлықтармен марапат­талды.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *