Алматыдағы әскери институт он төртінші түлектерін шығарды

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты «лейтенант» алғашқы офицерлік шенін ұсына отырып, 14-ші түлектерін ұшырды.
Биыл 8 мамандық бойынша 141 курсант әскери оқу орнын тәмамдап, олардың 9-ы үздік дипломмен марапатталды.
«Бүгін сіздер офицер погонын тағып, жоғарғы әскери оқу орнын бітіргені туралы дипломға ие болдыңыздар. Нағыз ер-азаматтарға тән мамандықты таңдаған соң намыс туын биікте ұстап, «Қазақстан әскерінің офицері» деген жоғары атқа лайық боласыздар деген сенімдемін, — деді әскери институт бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков.
Жас лейтенантар оқу барысында жоғары жетістіктерге қол жеткізіп, ата-аналарының үміттерін ақтауға тырысып баққандарын жеткізді.
«Әскери институт қабырғасында болған 5 жылда білім мен достықтың қадіріне жеттім. Біздің иығымызға погонмен қоса еліміз үшін жауапкершілік пен үлкен міндет жүктелді. Халқымыз бен оның Президенті – Жоғарғы Бас Қолбасшысының сенімін ақтаймыз, ақтық деміміз қалғанша адал қызмет етеміз, — деді оқу үздігі Ерназар Темірғалиев.
Әскери оқу орнында тек қазақстандықтар ғана емес Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымының бағдарламасы бойынша Қырғызстан мемлекетінің өкілдері де білім алуда. Бүгінгі күнге дейін 9 қырғызстандық курсант оқып бітірсе, тағы 11 курсант институт қабырғасында білімдерін шыңдауда.
ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты Орта Азия аймағы бойынша радиотехникалық мамандықтар бойынша мамандар дайындайтын жалғыз әскери оқу орны.
«АҚШАМ-АҚПАРАТ»

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *