Алматыдағы ШОБ 17,5 мыңнан астам субъектілері жұмыстарын қайта бастады

Б. Сағынтаев Akimat LIVE-нің тікелей эфирінде алматылықтардың сұрақтарына жауап берді

«Алматы» ТА-ның тікелей эфирі кезінде қала әкімі Бақытжан Сағынтаев карантиндік шараларды жеңілдетудің барысы және ШОБ кәсіпорындары мен нысандарының жұмыстарын қайта жандандыру жөнінде әңгімеледі.

ШОБ субъектілерінің жұмыстарын қайта жандандыру infokazakhstan.kz порталында тіркелген соң кезең-кезеңімен жүзеге асатын болады. Алматы қаласының мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес мұны 24 тамызға дейін жасау қажет. Санитарлық-эпидемиологиялық ережелермен танысқан соң кәсіпкерлер санитарлық нормаларға сай акт алатын болады. Мұнда кәсіпкерлер нысанның толық жұмыс жасауы жөніндегі талапты орындаулары тиіс.

Жұмыстың қайта басталғаны туралы хабарландыруды барлық субъектілердің 90%-ы, яғни сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары (бутиктер), бөлшек сауда желілері және сыйымдылығы 30% және жалпы көлемі 4 шаршы метрден аспайтын жабық базарлар, сұлулық салондары, шаштараздар, СПА орталықтары, жалпы көлемі 4 шаршы метр болатын сұлулық салондары және тағы басқалары берулері тиіс.

Ал, вирустың таралу қаупі жоғары қалған субъектілер жұмыс комиссиясының тексеруінен өтетін болады. Олар – сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, сауда үйлері, сауда алаңы 2000 шаршы метрден астам азық-түлік емес дүкендер, сонымен қатар қызметкерлері арасында КВИ ауруының көрсеткіші жоғары нысандар.

19 тамызағы жағдай бойынша 17698 өтініш түскен, олардың 14043 (79%) мақұлданды. Оның үстіне кәсіпкерлердің басым бөлігі (13807) жұмыстарын шақыру тәртібі бойынша бастады. Қалғандары (236) аудандық әкімдіктер жанындағы мониторингтік топтар тексеру жүргізген соң жұмыстарын бастайды. Егер белгілі бір себептер бойынша рұқсат етілмесе, онда кемшіліктерді түзетіп, жұмысты қайта бастауға болады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *