АЛМАТЫДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕННИС АЛАМАНЫ

ATP Almaty Challenger турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды

Нұрлан СҮЙІН

Алматыда «Эйс» теннис орталығында жүлдеқоры 50 мың долларды құрайтын теннистен ATP Almaty Challenger сериясының ірі халықаралық турнирі аяқталды.

Жарыстың жекелей финалында қы­зықты әрі тартысты өткен кездесу­лердің нәтижесінде өзбекстандық Денис Истомин жеңіске жетті. Ол сербиялық қарсыласы  Никола Милоевичтан 2:1 есебімен басым  түсті.

– Қазақстанда мен әрқашан да кө­рер­мендердің жақсы қолдауын сезінемін. Әрине, ол қуантады. Солар үшін жақсы ойын көрсетуге тырысасың. Бүгін қиын ойын болды. Жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Бұның алдында Астанада екі рет  ойнап, міне  ақыры  Алматыда жеңіске  жеттім, – деді Денис Истомин.

Бір күн бұрын, осы орталықта жұптық топтың финалы өткен болатын. Оның қорытындысында чехиялық КоларЖданек пен Росол Лукас қазақ­стандық Тимур Хабибулин мен ресейлік Евгений Карловскийді  ұтты.

Осылайша жекелей және топтық  разрядтың  жеңімпаздары ұпайлардан бөлек, 7,2 мың және 3,1 мың  долларға  ие  болды (жұптық).

– Бұл биылғы екінші Chal­len­ger  турнирі болды. Біріншісі, оның алдында М.Горький атындағы саябақта орна­ласқан орталықта өткізілген. Осы 8 күн бойы жалғасқан турнирге әр мем­лекеттен келген 56 спортшы қатысты. Финалдық ойында көрермендер көп болды. Ол  дегеніміз біздің  елде теннис ойынына  қызығушылық бар деген сөз, – деді «Эйс» теннис орталығының директоры Андрей Квасов.

Almaty Challenger турниріне ұлттық құрама атынан Александр Бублик, Александр Недовесов, Тимур Хабибул­лин, Сағадат Аяп  және Денис Евсеев шыққан  болатын.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close