АЛМАТЫДАҒЫ АХУАЛ ҚАЛЫПТЫ

dsc_40532

Биылғы күзгі ауа-райының құбылмалы мінезі қала тұрғын­дарының арасында жедел респи­раторлық вирусты жұқпа мен тұмауға қатысты алаңдау­шылық туғызғаны белгілі.  Көшеде, қоғамдық көліктерде ауруын өзгелерге жұқтырып алмаудың қамын ойлаған қала тұрғында­рының медици­налық бетпердемен ауыз-мұрындарын тұмшалап алуы соның дәлелі.

Алматы қаласы Қоғамдық ден­саулық сақтау департа­мен­тінің  инфекциялық және паразит­тік ауру­ларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Алмаш Сәрсен­байқызы АХМЕ­ТОВА Алма­ты­дағы   жедел рес­пи­ратор­лық инфек­ция­лар бо­йын­ша ахуал тұрақты  деген ақ­па­ратты жеткізді. Біз қала­дағы ЖРВИ-дің жағдайы, осы ауру­дан сақтану мен алдын алу жол­дары туралы айтып  беру үшін  Алмаш Сәр­сен­байқызымен әңгі­мелескен едік.

– Қазіргі уақытта қаладағы эпиде­миологиялық ахуал қандай?

– Алматы қаласындағы жедел респираторлық инфекциялар, ЖРВИ бойынша, эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Ағымдағы жылдың 43-апта­сында қала бойынша ЖРВИ аурула­рының 1853 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіші – 120-ны құрайды. Аурудың 60,9 пайызы балаларды қамтып отыр. Өткен жыл­дың осы кезеңімен салыстыр­ған­да, ауру 13,3 пайызға төмендегенін аңға­руға болады.  Тұмау жағдайлары тір­кел­ген жоқ.

– Алдын алу шаралары жүргізіліп жатқан болар? Нақты қандай іс-шара­лар қолға алынды? Осы ретте екпе жұ­мыстары қандай дәрежеде жүргізіліп жатыр?

–       Қала тұрғындары арасында ЖРВИ, тұмаудың алдын алу және эпиде­миологиялық жағдайды қалып­тастыру мақсатында тиісті ұйымдас­тыру, әдістемелік көмек көрсету жұмыстары толық жүргізілді. Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті және Денсаулық сақтау басқармасының бірлескен бұйрығы бойынша, қаладағы денсау­лық сақтау және білім беру ұйымда­рымен бірлесе ведомствоаралық кешенді жоспарлар дайындалды. Медицина ұйымдары тиісті маман­дардың дайындығы мен біліктілігін арттыру үшін, С.Асфендияров атын­дағы балалар инфекциясы кафедрасы­ның доценті,  ҚЖИА бас дәрігерінің орынбасары және Ұлттық сараптау орталығы Алматы қаласының филиа­лы вирусологиялық зертхана  маман­дарының қатысуымен қалалық семи­нар өтізілді. Аудандық ҚДСБ-ның мамандары балабақшадағы, мектеп­тердегі медицина қызметкерлеріне арнайы семинарлар жүргізді. ЖРВИ, тұмауға қарсы іс-шараларды ұйымдас­тыру жөнінде басқа да халыққа қызмет көрсету саласындағы   ұйымдарда түсі­нік­теме жұмыстарын жүргізу әлі де жалғастырылуда. Қалада ЖРВИ, тұ­мау бойынша апта сайын мониторинг жүргізіліп отырады.

Аурушаңдықтың маусымдық көтерілуіне байланысты емханалардың жұмыс уақыты кешкі сағат 20.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері сағат 18.00-ге дейін ұзартылды. Емха­наларда дене қызуы көтерілгендерді оқшау  қабылдайтын бөлмелер ашыл­ды. Кезеңде жүкті әйелдерді бақылап-қарау күшейтілді. ЖРВИ, тұмаумен науқастанғандардан түскен  шақыруды қабылдау үшін қосымша  107 телефон және оларға үйіне барып  медициналық қызмет көрсетуге 86 автотранспорт бөлі­ніп отыр. Қаладағы медицина ұйымдары мен дәріханалар тұмауға қарсы дәрі-дәрмектердің қорымен толық қамтамасыз етілген. Алматы қаласы бойынша ҰСО филиалы зертханалық тексеру жүргізуге керекті тест жүйелерімен қамтамасыз етілген.

Ал енді екпе егу мәселесіне тоқтал­сақ, ағымдағы жылы жергілікті  әкім­шіліктің қаражатына  осал топтағы адамдарды тұмауға қарсы егуге 50000 мөлшер (доза) көлемінде Гриппол плюс  вакцинасы сатып алынды.

–       Сол осал топтағыларға кімдер жатады?

–       Медицина қызметкерлері, бала­лар үйінің, мектеп-интернаттағы бала­лар,  иммун жетіспеушілігі, әлсіз және жиі ауыратын жасы  6 айдан асқан бала­лар, қарттар және мүгедектер үйіндегі контингенттер, 2-3-триместрдағы жүкті әйелдер жатады. Міне, қалада осал топтағы осы адамдарды  тұмауға қарсы егу 2 қазаннан басталған болатын. Ол науқан 30 қарашаға дейін жүргізілетін болады. Емханаларда екпе жасау кес­телері дайындалып, жауапты қызмет­кер­лер мен екпе жүргізетін медицина қызметкерлер құрамы анықталды. Екпе бөлмелері керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыздандырылған. Алматы қаласы ДСБ мәліметі  бойынша,   тағы қосымша 50000 доза вакци­на сатып алынуы тиісті болса, қазіргі күнге дейін 28 мың доза келіп түсті, бұл осал топта­ғылардың екпемен толық қамтылуын қамтамасыз етеді.  Қазіргі күні қала бойынша тұмауға қарсы  48262-ден астам вакцина егілді. Сонымен бірге, жұмыс берушінің қаражатымен 19 мың адамға екпе салынса, 3 мың адам өз қаражатына екпе ектірді.

maske_1

– Биыл жұрт «қыс қатты болады екен. Тұмаудың қауіпті түрі келе жатыр екен» деп, күні бұрын болжам жасап жүр. Ал сіздердің болжамдарыңыз бойынша қандай вирустар анықталып жатыр? Оның салдары қандай болады деп күтілуде?

–       Өткен 2016-2017 ж.ж. эпидемио­ло­гиялық кезеңде тұмаудың А типті H3N2 және В типті штамдары, ЖРВИ  вирустары – аденовирус, РС вирус, метап­невмовирус секілді вирустар  айна­лымда  болды.

Әзірше ЖРВИ мен ауырғандар арасында  тұмау және тұмауға жатпай­тын вирустар анықталған жоқ.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша, алдағы келе жатқан 2017-2018 ж.ж. күз-қыс маусымында тұмаудың A типті /Mіchіgan/45/2015(H1N1)pdm09, A/HongKong/4801/2014(H3N2) және  B типті /Brіsbane/60/2008 штамдары айналымда болады деп күтілуде. Айта кететін жәйт, бұл штамдардың анти­ген­­дері  тұмауға қарсы вакцина­ның құ­ра­мына енгізілген. Сондықтан тұмауға қарсы екпе жасатудың тиімділігін тағы айта кеткен жөн. Қазір Алматыдағы ЖРВИ-дің эпидемиологиялық ахуалы қалыпты, дегенмен екпенің зияны жоқ және оны осы қазан-қараша айларында ектірген тиімді.

– Екпеден басқа тұмаудан қорғану­дың қандай тәсілдері бар?

–       Тұрғындар оны бізден жақсы біле­тін шығар, дегенмен:

– иммундық түзетуші препарат­тарды (анаферон, интерферон, вифе­рон, интерферон индукторы), вирусқа қарсы жақпамайларды (оксалин, анти­вир және басқалары), поливитамин­дерді пайдалану;

– иммунитетті көтеретін белокқа, витаминдерге және минералды заттарға бай тамақ өнімдерін қолдануды (пияз, сарымсақ сияқты табиғи фитонцидтер, шөптер, қарақат, итмұрын қайнатпа­ларын көп ішу, құрамында  С витамині бар ашытқан қырыққабат, цитрус өнім­дерін қолдану), дене белсенділігін қоса алғанда күн тәртібін дұрыс режимді сақтау керек;

– науқас адамдармен қарым-қаты­насты шектеу, адамдар көп жиналатын жерлерге бармау, маусымға сәйкес киіну қажет;

– халық көп жиналатын жерлерде, сондай-ақ, науқасқа күтім жасағанда науқас адам да, дені сау адам да медициналық бетперде киюі қажет;

– науқас үйде болғанда оны оқшаулап, бөлмелерді жиі желдетіп, ылғалды жинау жүргізу керек, соны­мен қоса, науқасқа жеке ыдыс бөліп, оны тұрақты түрде тазалап, жуу қажет;

– қолды жиі жуу керек, егер қолды сабынмен жууға мүмкіндік болмаса, құрамында спирт бар немесе дезин­фекциялық сулықтарды пайдалануға болады.

– Аурудың алдын алу да, ауырмау да өз қолдарыңызда дейсіз ғой.

–       Иә, мұндайда сақтансаң сақтай­мын деген сөзді айтуға тура келеді.

–       Сонда тұмауға қарсы екпе сал­дырған дұрыс дегенді айтқыңыз келіп отыр ғой.

–       Екпе алғанның еш зияны жоқ. Қазір әлеуметтік желілерде екпе туралы алыпқашпа әңгімелердің өріп жүргенін білемін. Ондай қауесеттерге сене бермей, өз денсаулығыңыздың қамын жасап, ЖРВИ мен тұмауға қарсы екпе ектірген дұрыс әрі екпе денсаулықтың тиімді тәсілі болмақ.

–       Сұхбатыңызға рахмет!

 

Сұхбаттасқан –

Нұржамал ТЕГІНБАЙҚЫЗЫ. 

Алматы қаласындағы тұмауға қарсы екпе егетін медициналық орталықтар

№    Атауы

         ІМС                                                  Мекен-жайы                                  Телефоны              Екпенің түрі                  Бағасы

 

1       Медициналық орталығы            Мұқанов көшесі, 235.                   378-64-64                 Инфлювак                      5000 теңге

2       «Формаком» ЖШС                     Бұзырбаев көшесі, 23.                  382-46-03                 Инфлювак                      2600 теңге

клиникасы                                                                                                291-79-65                 Трипол плюс                 1500 теңге

3       «Медикол» ЖШС                         Абдуллиндер көшесі, 6                259-97-90.

Assіstance Group                                                                                    259-60-56                 Инфлювак                      3000 теңге

4       «Интертич» ЖШС                        Фурманов көшесі, 269.                320-02-00

320-02-06                 Инфлювак                      3250 теңге

5       «СОС Қазақстан» ЖШС              Луганский көшесі, 11.                  258-19-11                 Инфлювак                      3277 теңге

6       «Medіcal Assіstance Group»      Тимирязев көшесі, 21.                 258-10-16                 Инфлювак                      3000 теңге

7       «Альбедо» ЖШС                         10-ықшамаудан, 32.                      303-21-06                 Инфлювак,

303-21-00                 Гриппол плюс              3200 теңге

Ваксигрипп                   2200 теңге

8       «Авиценна» емдеу                                                                                230-17-16

диагностика жасау орталығы         Қабдолов көшесі, 26.         230-17-38               Инфлювак            2500 теңге.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *