Алматыда «XXI ғасыр кітапханасы: жаңа көкжиектер» атты халықаралық конференция басталды

2040 АЛМАТЫ. ҚазАқпарат — Бүгін Алматыда «Қазақстан» қонақ үйінде «XXI ғасыр кітапханасы: жаңа көкжиектер» атты халықаралық конференция басталды.

Аталмыш форумның жұмысына Қазақстанның барлық аймақтарынан және алыс-жақын шетелдерден кітапхана мамандары қатысуда.

«Бұл конференцияның басты мақсаты — Қазақстандағы кітапханалардың жай-күйін, өзекті мәселелерін талқылау, жеткен жетістіктерін паш ету және алыс-жақын шетелдердегі кітапхана істерімен жете танысу. Сондықтан оған шетелдерден көптеген белгілі кітапхана мамандары келіп жатыр. Олар өздерінің іс-тәжірибесімен бөліседі. Сонымен қатар, білім бағыты, басылым ісі, құқықтық ақпарат қызметінің көрінісі, болашақтағы электрондық кітаптар, заңнамалық мәселелер, халықты электрондық және баспалық ақпаратпен қамтамасыз ету бойынша сұрақтар қаралады»,  — деді өз сөзінде  ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми әдістемелік бөлімінің жетекшісі Кәрима Қоштаева.

Алматы қаласының мәдениет басқармасы, Қазақстан Республикасының кітапхана қауымдастығы және Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының қолдауымен және басқа да кітапханалардың атсалысуымен ұйымдастылған бүгінгі конференция екі күнге созылады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *