Алматыда трамвай жолын алып тастайтын көшелерде қозғалыс тоқтатылады

Алматының бірқатар көшелерінде трамвай жолдарын алып тастауға байланысты көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады.

Т.Жароков көшесінің бойы К.Тимирязев пен Өтепов көшелерінің аралығында көлік қозғалысы шектеледі. Бұл көшеде 23 мамыр мен 15 шілде аралығында трамвай жолдарын демонтаждау жұмысы жүргізіледі.

Сондай-ақ А.Яссауи көшесінің бойы Ф.Шаляпин мен Қарағанды көшесінің аралығы 22 мамырда сағат 8.00-ден 21.00-ге дейін жабылады.

Қабанбай батыр көшесі бойында (М.Масанчи мен С.Сейфуллин даңғылы аралығы) 21-22 мамырда түннен таңға дейін қозғалыс тоқтайды.

 

«Ақшам-ақпарат».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *