Алматыда тоғыз жаңа субұрқақ салынады

Нұржамал ӘЛІШЕВА

 

Мөлдір суы түрлі фигуралар жасап көкке ұмтылатын субұрқақтар қала келбетіне көрік беріп, тұрғындар мен қала меймандарының жақсы көңіл-күйін еселей түсері анық. Оның салқын саясынан пана іздейтін бала біткеннің қуанышын да елестетіңіз. Сондай-ақ, субұрқақтардың Алматы түнінде қол ұстасып, бір-біріне сыр ақтарар жастардың да сезімін бөлісе аларына сене беріңіз.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек бұрындары қаланың тарихи орталығын жаңарту барысында ескерусіз қалған фонтандарды қалпына келтіру бойынша  тапсырма берген болатын. Биыл шаһарда бұрынғы жеті субұрқақ қайта жөндеуден өткізіліп, тоғыз жаңа субұрқақ салынады.

 

Субұрқақ сөзі латын тілінен аударғанда «қайнаркөз» немесе  «бұлақ» деген мағынаны білдіреді. Ертеде адамдар жер астынан атқылап жататын бұлақтарды, табиғи қайнарларды тастармен барынша көмкеріп, әдемілеп қоятын болған. Кейін­нен осы идеядан жасанды субұрқақтар жасау туындаған.

Әлемдегі ең үлкен, әрі әдемі субұрқақ Дубайда орналасқан. Ол бір мезгілде би билеп, ән де айтады деседі. Бұл фонтан адам сенгісіз әдемі пішіндер мен мүсіндерді жасай отырып, суды 150 метрге дейін аспандата көтереді екен.

Ал әсем Алматының алғашқы ірі субұрқағы 1948 жылы Абай атындағы Опера және балет театры ғимараты жанындағы бақта пайда болған.

Енді шаһардың жаңа фонтандары Абай, Назарбаев, Абылай хан даңғылдары мен Гоголь, Жібек жолы, Мәметова және Райымбек көшелерінің арасында бой көтермек. Ал Ұлттық кітапхана, «Жетісу» қонақүйі, Абылай хан мен Шевченко көшелерінің қиылысындағы және басқа да жерлердегі бұрыннан бар субұрқақтар қайта жаңғыртылмақ.

Бассейн ыдысы тәріздес бұрынғы дәстүрлі фонтандармен қатар, «құрғақ субұр­қақтар» да іске қосылады. Заманауи үлгіде бой көтеретін субұрқақтарда айнал­малы су жүйесі, судың биіктігі қатаң ескерілмек. Түрлі прожекторлар арқылы галогенді және жүзгіш шырақ сынды жарық көздері орнатылады деп отыр мамандар.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close