Алматыда тау-велоспорты жолы ашылды

«Шымбұлақ» тау-шаңғысы курортында Қазақстан­дағы тұңғыш кәсіби тау-велосипед спортының арнаулы жарыс жолы ашылды. Тау веложолының құрылысы 2 жылға созыл­ған. Жаңа трек жолының ұзындығы – 2700 метр, асу – 600 метр. Жарыс жолының бойында жасанды кедергілер, трам­плиндер, шұғыл бұрылыстар бар. Жоба әлемдік спорттық стан­дарттарға сай жасалынған. Енді жаңа жарыс жолында ең жоғары деңгейдегі даунхилл – таудан түсу жарысын өткізуге болады.

– Бұл әлемдік стандартқа сай жасалынған даунхилл трассасы. Әлем кубогі, халықаралық жарыстарды көрген болсаңыз, ондағы жол да, кедергілер де дәл осындай. Біз енді еш ойланбастан Әлем біріншілігін өткізе беруімізге болады, – дейді жоба авторы Жомарт Құмақбаев.

Жаңа тау жолында 50 велоспортшы бағын сынап көріпті. Жаңа жолдағы алғашқы жарыстар тамыз айында өтеді екен. Жыл соңына дейін «Шымбұлақта» даунхиллдан Қазақстан чемпионаты мен ҚР кубогі болады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *