АЛМАТЫДА ТАРИФ ТӨМЕНДЕДІ

Алматыда бірқатар коммуналдық қызметтердің бағасы төмендейді. Ал төмендетілген ком­муналдық қызмет тарифі бойынша түбіртекті алматылықтар  ақпан айынан бастап алады. 

Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалында «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуровтың бас­шы­лығымен өткен жиында белгілі болды. Сондай-ақ, брифингке қалалық Энергетика және ком­муналдық шаруашылық басқармасының басшысы Мақсұт Исахов, ҚР Экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және Тұтынушылардың құқық­тарын қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Болат Сәм­бетов пен  мемлекеттік органдар мен коммуналдық қызметтердің басшылары қатысып, айтып берді.

Мәншүк БЕКБОСЫН

Қалалық Энергетика және ком­муналдық шаруашылық басқармасының басшысы Мақсұт Исаховтың мәліме­тінше, ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап,  оңтүстік мегаполисте газдың бағасы 16 пайызға, сумен жабдықтау, суды пайдалану қызметі 10 пайызға, жылумен жабдықтау жүйесі  18 пайызға, лифтілерді (жеделсатыларды) ұстау шығыны 8,5 пайызға төмендемек. Бұл жұмыстар электр энергиясы тарифтерін төмендету бағытында да қолға алынуда. ПИК (пәтер иелерінің кооперативі) қызметтері бойынша тұрғындардың қосымша қызметтерге төлейтін шығындары да 6 пайызға төмендетілді.

–       Өткен жылы «Нұр Отан» пар­тиясы мен прокуратура бірігіп жұмыс істеудің арқасында заңсыз өндірілген 4,5 миллиард теңге қайтарылған бола­тын. Атап айтқанда, «АлматыЭнер­госбыт» – 1,4 миллиард теңге, «Алатау Жарық компаниясы» – 2,1 миллиард теңге, «ҚазТрансГаз Аймақ» компа­ниясы – 500 миллион теңге, «Алматы су» компаниясы – 326 миллион теңгені мақсатты түрде пайдаланбаған, – деді Энергетика және коммуналдық шаруа­шылық басқармасының басшысы Мақсұт Исахов.

Ал Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Алматы қаласы бойынша басшысы Болат Сәмбетовтің айтуынша,  төмен­детілген тарифтер бойынша алдын-ала жүргізілген талдауларға сәйкес, 1 бөл­мелі пәтер 1,5–2 мың теңге, 2 бөлмелі пәтер 2,5–3 мың теңге, 3 бөлмелі пәтер 3,5–4 мың теңге үнем­дейтін болады. Мәселен, 1 бөлмелі пәтер иесі орта есеппен 15 мың теңге төле­ген болса, енді 14 мың және 13 мың теңге аралығында төлейді. Қалған шаршы метр бойынша да төмен баға шығады, – деді ол.

Алдағы уақытта газдың бағасы тағы арзандауы мүмкін. Өткен жылы «Қаз­ТрансГаз Аймақ» акционерлік қоға­мында заңбұзушылықтар анықталыпты. Компания амортизациялық шығындарға жұмсалуы тиіс қаржыны мақсатсыз пайдаланған. Оның көлемі 1,5 миллиард теңгені құрап отыр. Қазір осыған қатысты сот жүріп жатыр.

Бұдан өзге, жолаушыларды тасымал­дау бойынша 2012 жылы бекітілген қоғамдық көлік ақысы 80  теңге көле­мінде қала бермек. Ол үшін қалалық бюджеттен 2018 жылы 14,7 млрд. теңге көлемінде субсидия бөлінген болатын. Биыл бұл салаға бөлінген қаржы екі есе  өсіп,  37,8 млрд. теңгені құрады.

керек дерек

1 қаңтардан  бастап Алматыда:

Суық судың 1 текше метрінің  бағасы 55 теңгеден 49,95 теңгеге.

Кәріз жүйесінің 1 текше метрі 28,79 теңгеден 25,87 теңгеге арзандады.

Жылу жүйесі 18 пайызға төмендеп, гигакалориясы 5578 теңгеге дейін төмендеді. 

Газдың 1 текше метрінің бағасы 33,74 теңгеден 29,3 теңгеге арзандады.

Лифт бағасы 1 шаршы метріне 13,02 теңгеден 12,01 теңге болды.

Электр жабдықтау жүйесінің 1 кВт/сағаты – 18,32 теңгеден 17,81 теңгеге арзандады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *