Алматыда суық су арзандайды

Алматыда 1 ақпаннан бастап суық сумен жабдықтау және кәріз жүйесі қызметтеріне жаңа тариф енгізілмек.

Мәншүк БЕКБОСЫН

Бұдан былай тұрғындар суық судың бір текше метрі үшін 48 теңге, ал кәріз жүйесінің бір текше метріне 25,89 теңге төлейді.

Заңды тұлғалар мен ЖК үшін тариф суық судың бір текше метрі үшін 161,31 теңге, кәріздің бір текше метріне 71,69 теңге болмақ.

Жылумен қамтамасыз ететін ұйымдар (ыстық сумен және жылу энергиясын көрсету көлеміне қарай) мен жергілікті жеткізушілер жеке топқа шығарылды. Бұл санат үшін келесі тарифтер бекітілді.

Суық судың бір текше метрі үшін 59,38 теңге, ал кәріз жүйесінің текше метріне 35,49 теңге. Бекітілген тарифтер 5 жылға дейін, яғни 2025 жылға дейін өзгеріссіз қалады.

Қаланы сапалы ауызсумен қамтамасыз ететін мекеме алдағы уақытта да тұтыну­шыларға көрсетілетін қызметтің сапасын арттыруды, су құбыры мен кәріз жүйесі кешенінің технологиялық және өндірістік процестерін жаңғыртуды, автоматтан­дыруды жалғастыра бермек.

Еліміз бойынша суық су мен кәріз жүйесі үшін төленетін ең төменгі баға – Алматыда. Коммуналдық төлемдер құрылымындағы суық су мен кәріз үлесі 4-5 пайыздан аспайды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *