Алматыда студенттер ауруханасы салынады

Өткен аптада ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтті. Онда сөз сөйле­ген Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматы қаласында біріктіріл­ген университеттік аурухана құру жобасы бойынша жұмыстар жүріп жатқанын атап айтты.

Министрдің сөзіне сүйенсек, Алматыда құрылатын универси­теттік аурухана Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) бойынша салынады екен. Оның үстіне, ол Алматыдағы ҚазҰМУ жанындағы бес республи­калық ғылыми зерттеу орталықтарын ықпалдастыру арқылы 1265 төсек орынға арнап салынатын болыпты. Сөйтіп, қазір бұл жобаны жүзеге асыру Ұлттық Экономика министрлігінің экономикалық сараптамасынан өту кезеңінде тұр екен. Сондай-ақ, «Денсау­лық» атты еліміз­дегі денсаулық сақ­тауды дамыту мемлекеттік бағдарла­масын жүзеге асыру мақсатында Денсаулық сақтау министрлігімен келісе отырып, өңір әкімдіктерімен бірге жүйені бірте-бірте қайта құру және 2025 жылға дейінгі ұзақ мерзімді кезеңде инвестициялық қажеттілікті шешу тұрғысында  биыл­дан бастап амбулаториялық деңгейдегі емханалық сектордың өңірлік болашақ жоспар­лары негізінде инвестицияны жоспарлау жүйесін енгізу жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар, стацио­нарлық деңгейде халықаралық қаржы ұйым­дарымен бірлесе отырып, МЖӘ-нің үздік инфрақұрылымдық тәжіри­бесі моделін қолдану ұсынылып отыр.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *