АЛМАТЫДА СПОРТ МЕКТЕПТЕРІ МЕН СПОРТТЫҚ СЕКЦИЯЛАР ЖАБЫЛМАЙДЫ

Бұл жөнінде қалалық Дене тәрбиесі және спорт басқармасы басшысы

мәлімдеме жасады

Әкім назарындағы мәселе

SONY DSC

Еске сала кетсек, мегаполистегі спорт мектептері мен спорт секцияларын «ұстап тұруға» 2017 жылға арналған Алматы бюджетінде қаржы қарастырылмаған деген әңгіме тарап кеткен. Осыған орай, болашақ чемпиондардың ата-аналары қалалық әкімдікке, басқармаға хабарласып, түсініктеме талап еткен болатын.

Кеше Алматы қалалық Дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы Әбіл Донбай ата-аналар комитеті мүшелерімен кездесіп, мәселеге қатысты жан-жақты жауап берді.

– Біздің басқармада 2017 – 2019 жылдарға арналған бюджетке қатысты жұмыс кеңесі өтіп, жұмыс протоколы шығарылды. Қаладағы футбол бөлімдерін жабу мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. Спорт мектептері директорларына инвесторлар жөнінде талқылап, өз ұсыныстары мен қаржыландыру жоспарын өткізу тапсырылды. Ал спорт мектептеріндегі мемлекеттік тапсырыстарды алып тастау жөнінде тіпті әңгіме де көтерілген жоқ. Және келесі жылға бюджет қысқартылуы болмайды, – деді Әбіл Донбай.

Басқарма басшысы жаттықтырушылар штатының қысқармайтынын, қаладағы спорт мектептерінің де жабылмайтынын айтты.

 

«Ақшам-ақпарат».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *