АЛМАТЫДА ҮШ ЖЫЛ ІШІНДЕ 1300-ДЕН АСТАМ АУЛА ЖӨНДЕЛДІ

Алматы қаласының әкімі Бауыр­жан Байбек жұмыс сапары бары­сында қала аулаларын рекон­струк­циялау қарқынын тек­серді. Мега­полисте 2016 жылы 300 аула көрік­тендірілсе, 2017 жылы 400-ден астам аула жөндел­ді. Ал биылғы жылы 600-ден астам аула күрделі жөндеуден өткізіліп жа­тыр. Соңғы үш жылда 3787 алма­тылық аула­ның 1338-і абаттан­дырылды.

Аулаларда жаңа спорт және бала­лар алаңдары жасалып, балдырған­дардың спортпен шұғылдануы үшін тренажерлар, ойын кешендері орнаты­лып жатыр. Асфальтты және резинкалы едендер қайта жасалып, орындықтар, қоқыс жәшіктері мен шағын сәулет нысандары қойылып, жасыл желек көбейіп келеді.

«Қауіпсіз қала» бағытында жаңа жарық көздері орнатылуда. Кейбір аулаларда пилотты режимде жарық көздері күн энергиясымен жұмыс істеуде. Алдағы уақытта өзге аула­ларды жөндеу барысында оны кеңінен қолдану мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Қала басшысы жұмыс сапары кезінде «Орбита-1» ықшамауданындағы №16, 17, 18, 19, 2, 21 үйлердің тұрғын­дарымен кездесті. Мұнда жаңа хоккей, футбол алаңдары пайда болған, кедер­гісіз инклюзивті ойын алаңы жасалған.

– Біз аулаларды көп жөндеген сайын, «неге біздің ауламызды жөнде­мейсіздер» деген өтінімдер жиі түсуде. Мен әрбір алматылық ауланың жөндеу­ден өтетініне уәде беремін. Ол үшін біз бөлек бағдарлама қабылдадық. Үш жылдың ішінде 700 мың адамды қамты­ған аулалардың 35 пайызын жаңарттық. Қалалықтарға қауіпсіздік пен жайлы жағдай  жасау – біз үшін маңызды. Біздің аулаларымыз жарық көздері, спорт және балалар алаңдары бар тар­тымды аула болуы тиіс. Мұнда балалар спортпен шұғылданып, ашық аспан астында ойнай алады, – деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Бұлардан өзге, жыл аяғына дейін ТҮКШ модернизациялау аясында тағы да 174 үйдің сырты, шатыры, подъез­дері жөнделіп, 226 лифт ауыстырылады.

Жалпы, Алматыда соңғы үш жылдың ішінде ұзындығы 500 шақырым болатын 524 көше жөнделді. Тек соңғы жылы ғана 800 шақырым инженерлік желілер салынды және қайта жасалды.

Қазіргі таңда қаланың тарихи орта­лығын жаңғырту жалғасуда. Егер өткен жылы Панфилов, Жібек жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Төлебаев, Байсейі­това көшелері мен «Астана» алаңы қайта жасалса, биылғы жылы Абай, Абылай хан, Достық, Назарбаев, Желтоқсан даң­ғылдары, «Алматы-2» теміржол бекетінің алаңы және Республика Сарайының алды жаңару үстінде.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *