Алматыда Сақ мәдениетінің музейі пайда болады

Біз газетіміздің өткен санында ғана  «TURKUAZ GROUP OF COMPANІES» компаниясы өз еркімен «Южный» саябағында тұрғын үй кешенін салатын жер учаскесін мемлекет пайдасына қайтарғанын жазған едік. Енді міне, мегаполисте тағы бір жер учаскесі  мемлекет меншігіне қайтарылатын болды. Алматы әкімдігі мен екінші деңгейлі бір банк  Розыбақиев-Штраус-Есқараев-Радостовец көшелері қиылысындағы 2,7 гектар жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару жөніндегі келісімге қол жеткізді.

Бұған дейін «Ақшам-ақпарат» хабарлағандай,  Алматы әкімді­гінде «Рухани жаңғыру» мемле­кеттік бағдарламасын жүзеге асыруға орай кеңес өтіп, онда Розыбақиев көшесі бойындағы «Мега» сауда орталығы маңынан табылған сақ ескерткішінің орны­на ашық аспан астындағы музей салу жөнінде ұсыныс айтылған еді. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек бұл ұсынысты қолдай келе: «Мен жерді меншік­теген жандар өз тарихымызды біледі және құрметтейді деп ой­лаймын. Біз кейде тарихымыздың жойылып бара жатқанын да байқаймыз, ал бұл орны толмас рухани, мәдени және экономи­калық зиян шектір­еді. Әрине, асфальт төсеп, бір­деңені орнатуға болады, бірақ қалаға қайтарса, пайда зор бола­тыны анық», – деп, жерді мемле­кет меншігіне қай­тару­дың меха­низмін ойластыруды тап­сырған болатын.

«Рухани жаңғыру» мемлекет­тік бағдарламасы аясында сақ қорғаны орналасқан аумақта жаңа мәдени орталық құру жос­парланған. Ашық аспан астын­дағы музей келушілерді Қазақ­стан жерін мекендеген ертедегі көшпенділердің бай тарихымен таныстырып, қаланың жаңа турис­тік көрнекі орнына айналмақ.

Жоба барысында біздің эра­мызға дейінгі V ғасырда пайда болған жартылай қираған қор­ғанды, тас қоршауларды, оның жоғары жағындағы сақиналарды қалпына келтіру жоспарланған. Архитектуралық ескерткіштің іш жағында сақталған артефактары бар бөлмелер, ертедегі көшпен­ділердің тарихы мен мәдениетін паш ететін географиялық кино көрсететін аудиовизуалды залдар болады.

Бұдан бұрынырақ әкімдіктің қаулысымен Қазақстанның «Ата­кент» іскерлік орталығымен жасалған 23 гектар жерді уақытша жалға беру келісімнің күші жойылды. Кейін басқарушы компания жеке меншіктегі тағы да сегіз гектар жерді тегін қайтару жөнінде міндеттеме қабылдады. Алматыда осы апта ішінде қала­ның ком­муналдық меншігіне қайтарылған Баум бағын абат­тандыру да бас­талды. Жүргізіл­ген монито­ринг барысында 2,5 гектар жерді өз беттерінше басып алғандар анықталды. Мегаполис басшысы заңға сүйене отырып, басып алған бауды қайтаруды және жасыл­дандыру жүргізуді тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік, бұ­лардан өзге, Алматы әкімдігі қала ипподромы мен «Сайран» авто­вокзалын тарихи-мәдени мұра­ның алдын-ала жасалған тізіміне енгізді. Осы сәттен бастап ғи­ма­раттың сыртқы келбетін өзгер­туге, ішін қайта жоспар­лауға, мақ­сатты пай­даланылуын ауыс­тыруға, қорғалатын аймақты бұзу­ға тыйым салынады. Ғима­рат­ты жаңарту және жөндеу жұ­мыстарының барлығы өкілетті органның келісімімен ғана жа­салады.

«Ақшам-ақпарат».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *