Алматыда «Рухани жаңғыру» аясында не істелді?

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағ­дар­ламалық мақаласының жария етілгеніне бір жылдан асты. Осы аралықта оны ша­һары­мыз кең көлемде атап өтіп, түрлі шара­лар мен жиындар өтті. Дегенмен, осы ретте қалада әлі талай шаралар өтетінін айта келе, өткен бір жылда мегаполисте атқарылған жұмыстардың  бастыларына тағы бір тоқ­талып өтуді жөн көрдік.

 

«Текті сөздің төресі – терме»

2017 жылы 12 сәуірде Елбасының «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» мақаласы жария етілісімен, оны ел халқы зор ықыласпен қабыл алды. Тіпті, соған орай Алматы қаласы әкімдігінің арнайы жиыны өтіп, онда алдағы уақыттарда атқарылатын мақсат-міндеттер белгіленді.

Елбасы мақаласының ізін ала «Фейсбук» әлеу­меттік желісінде қазақ қыз-келіншектерінің орамал тағу және жалпы киім кию салт-дәстүрі бойынша «Орамал-өнеге» байқауы жас ерекшеліктеріне қарай үш буынға бөлініп өтті.

«Алатау» дәстүрлі өнер театрында алғаш рет «Текті сөздің төресі – терме» атты республикалық байқауы абыроймен бастау алды.

«Рухани жаңғыру» негізінде Наурызбай ауданының мемле­кеттік мекемелері арасында «Тіл – татулық тірегі» атты  аудандық фестивалі өтті.

Республика сарайында Алматы қаласы әкімдігінің қол­дауымен Отан қорғаушылар күніне арналған «Ұлы Дала ұландары» атты Гала-концерт өтті.

Алматылық кәсіпкер Ерболат Қасымов Күләш Бәйсейітова атындағы республикалық музыка мектеп-интернатына спорт кешенін сыйға тартып,  шараға қала әкімі Бауыржан Байбек қатысты.

Алматыдағы Абай алаңында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «THE SPІRІT OF TENGRІ-2017» Ү мерей­тойлық  Халықаралық заманауи этникалық музыка фестивалі жалғасын тапты.

 

 Дайындаған – Құттыбек АЙМАХАН.

 

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *