Алматыда қосымша қарантиндік шаралар әзірленуде

Қала әкімі Б. Сағынтаев Мемлекет басшысының коронавирус инфекциясының таралуына қарсы қосымша шаралар қабылдау жөніндегі тапсырмасын орындау бойынша нақтылы мәселелерді қараған кеңес өткізді.

Кеңес барысында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев аталған тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Осыған орай ұйымдарда, кәсіпорындарда, кәсіпкерлік субъектілерде санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуы қатаң бақылауға алынады.

Бақытжан Сағынтаев айтып өткендей, қатаң қарантиндік шараларды сақтау және қала экономикасының муддесі жағдайында өмір суруге үйрену қажет.

Сонымен қатар, өмір сүру мен денсаулықты сақтаудың орта жедел кезеңіне арналған қалалық жоспар әзірленеді.

Алматыда бүгінгі күні КВИ-ден емдеу үшін 19 медициналық ұйым жұмыс жасауда, оның ішінде төсектік қуаттылығы 2125 орындық 12 стационар, 985 орынды үш провизорлық орталық және 1299 орынды төрт қарантиндік ұйымдар бар. Инфекциялық стационарлардың жүктемесі шамамен 80 пайызды кұрайды. Инфекциялық, провизорлық, қарантиндік ұйымдарда орындардың жалпы санын алты мыңға дейін жеткізу жоспарланған.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *