Алматыда осы демалыс күндері 6 мыңнан астам ағаш отырғызылады

Жалпықалалық «Jasyl Meken» акция барысында осы демалыс күндері Алматының барлық сегіз аудандарында 6 мыңнан астам ағаш отырғызу ұйымдастырылады. Көктемнің аяғына дейін қала басшылығы 12 мыңнан астам ағаш отырғызуды жоспарлауда.

Дәл осы күндері қаланың барлық аудандарында көшелер, аула аймақтары, көпшілік орындар, арық желілері, өзен арналары мен жағалаулары санитарлық тазалықтан өтеді.

Бұрындары «Jasyl meken» акция барысында Әл-Фараби даңғылының бойындағы бөлу жолақтарына 800 жапырақты және қылқан жапырақты ағаштар отырғызылған еді. 1975 жылдың сәуірінен бастап мұнда 30-ға жуық ағаш түрлері отырғызылған болатын, солардың тек үшеуі — талшын, қарағай және шырша тамыр жайды. Сондықтан осы ағаш түрлерін ғана отырғызу жөнінде шешім қабылданды.

Алматы қаласының Жасыл экономика басқармасы барлық алматылықтарды жалпықалалық «Jasyl Meken» акциясына қатысуға және өз аулаларында ағаш отырғызуға шақырады.

https://youtu.be/Erp1LfoN224

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *