Алматыда ойын тілі – орыс тілі

3

Смағұл ЕЛУБАЕВ,

жазушы:

Алматыда ойын тілі – орыс тілі

– …Мысалы, менің өз балаларым қазақ мек­тебінде оқыды. Орыс тілін көршінің бала­ларымен ойнап жүріп үйреніп алды. Себебі, Алматыда ойын тілі – орыс тілі. Байқаймын, уақыт өткен сайын он жыл туған тілінде ғана сөйлеген бала­ла­рымның қазақ­шасы әлсіреп бара жатыр. Өйткені, қатар-құр­быларымен, жұмыс барысын­дағы әріптесте­рімен орысша сөйлеседі. Бұл таза қазақ тілі үстемдік құрған, барша ұлттық құнды­лық­тарды басты орынға қойған отбасын­дағы жағдай.

Үлкен қалаларда қазақ ұрпағының орыс­та­нуы әлі тоқтаған жоқ. Осы жәйтті бақылай оты­рып, «бара-бара тілімізден айрылып қал­май­мыз ба?» деген ой үрейді ұшырады. Осыны ойлаған зиялы қауым­ның жан дауысы шығады.

Ел газетінің мінберінен сөз алған мүмкін­дігімді пайдалана отырып, білім және ғылым министріне ұсыныс айтқым келеді. Мектеп­тер­дің маңдайын­дағы «қазақ мектебі», «орыс мектебі» деген жазуға түбегейлі қарсымын. Мек­­тепте ұлттың аты жазылмауы тиіс. Мем­лекеттің қаржы­сымен жұмыс істеп тұрған Қазақ­стан мектептері тек қана «мемлекеттік мектеп» болуы керек. Сол себепті барлық мектептерде мемлекеттік тіл үстемдікпен оқытылуы тиіс деп санаймын. Нәти­жесінде, ұлтына қарамастан, мемлекеттік тілде білім алып шыққан барлық бала мектеп бітіргеннен кейінгі өмірде мемле­кеттік тілде сөйлеуден қиналмайтын болады.

(«Егемен Қазақстан»,

10 қыркүйек, 2016 жыл).

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *