Алматыда қоғамдық көлікте жүру ақысы әзірге көтерілмейді

Алматы қаласында әзірге қоғамдық көлікте жол жүру ақысы көтерілмейтін болды. Бұл туралы Алматы қалалық Мобильділік басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Әділов айтып отыр.

Ерлан Әбілов: «Әзірге біз бұл мәселені қарастырып жатқан жоқпыз. Өйткені, бізде қоғамдық көлікті дамыту тұжырымдамасы бар. Сондықтан да басқарма жол ақысын көтеру туралы сөз қозғап отырған жоқ. Әрине, бұл ретте бюджетке ауыртпалық түсіргіміз келмейді. Бірақ тарифті көтеру керек және азаматтар мен жолаушылардың әлеуметтік жағдайын да естен шығармау қажет. Бұл – бір күнде шешілетін мәселе емес», – деп атап өтті.

Ал бұған дейін ол Алматыда қоғамдық көлікте жүріп-тұрудың орташа құнын нақты атап өткен болатын.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *