АЛМАТЫДА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖАҢАЛАНЫП ЖАТЫР

Мегаполистегі бағыттар бойынша тағы 460-тан астам жаңа автобустар жолға шығады

Алматыда көлікті реформалау аясында жылжымалы құрамды жаңарту және қаланың бағыт жүйесін ұлғайту жалғасуда. Биылғы жылы тасымалдаушылар тағы 460-тан астам жаңа автобустар алуды жоспар­лауда.

Жаңа жылжымалы құрам Евро-5 экологиялық стандартқа сай және конди­ционерлермен, видеобақылау, камералары­мен, пандустармен жабдықталған. Қалада жыл басынан бері қарай №65, №60, №14 сияқты ең тығыз бағыттар бойынша 125 жаңа автобус жолаушы тасымалдауда.

Айта кетерлігі, қала автобус паркінің 80%-ға жаңаруына қолма-қол ақысыз төлем жасайтын «Оңай» жүйесін енгізу арқасында қол жетті. Егер бұрындары автопарктер бюджет қаржысы есебінен жаңарса, ал қазір тасымалдаушылар өз қаржыларын инвестициялауға мүмкіндік беретін ашық нарықтық механизмді ұтымды қолдануда.

Жалпы, Алматыда көлік реформасы аясында екі жыл ішінде ғана қаланың автобус паркі 80%-дан астамға жаңарды, еліміздегі алғашқы BRT желісі жұмыс істей бастады, каршэринг қызметі енгізілді, метроның екі стансасының құрылысы жалғасуда және Жеңіл рельсті көлік (LRT) құрылысы қолға алынды.

Бұлардан өзге, 15 сәуірден бастап қалада 120-дан астам көшені орташа жөндеу басталады, қаланың 14 ықшам ауданындағы 456 көшеге жаңа жолдар салынады. Ең бастысы, жөндеу жұмыстары қоғамдық көліктің жүру кестесі мен бағыт қозғалысына кері әсерін тигізбейді. Кептелісті болдырмау үшін жолды толық жабу тек түн мезгілінде ғана жүргізіледі.

 

Нұр ҚАЙЫР.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *