Алматыда өндіріс саласында тұрақты өсім байқалады: жыл басынан бері 712 млрд теңгенің өнеркәсіптік өнімі шығарылды

Алматыда өндіріс саласында тұрақты өсім байқалады: жыл басынан бері 712 млрд теңгенің өнеркәсіптік өнімі шығарылд

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин хабарлады.

Басқармада хабарлағандай, жыл басынан бері қалада 4 жоба жүзеге асырылған. Сонымен қатар, жыл соңына дейін 10 жобаны іске қосу және жүзеге асыру жоспарлануда, оның 8-і индустриялық аймақта болады.

«Алматы қаласының индустриялық аймағын дамыту есебінен өнеркәсіп саласында инвестициялардың өсуі байқалады. Бізде таяу жылдары қаланың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін белгілі бір ірі жобалар бар», — деп атап өтті басқарма басшысы.

Н. Оразалиннің айтуынша, өндіріс саласында жалпы өндіріс көлемінде де тұрақты өсім байқалады, ол 3,2% өсіммен 712,3 млрд.теңгені, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібінде 568 млрд. теңгеге немесе 103,1% — ды құрайды. Мұнда фармацевтикалық өнеркәсіп үлкен үлес алады-152%.

Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібінің мынадай кіші салаларында көлемдер ұлғайды: сусындар өндірісі – 48,5 млрд.теңге немесе 108,1% (үлесі – 6,8%); қағаз және қағаз өнімдері өндірісі – 15,4 млрд. теңге немесе 206,6% (үлесі – 2,2%). Сондай – ақ – өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісі-40,7 млрд. теңге немесе 102,7% (үлесі-5,7%); машина жасау-85,5 млрд. теңге немесе 100,6% (үлесі – 12%, көлемі «авиажөндеу зауыты 405» АҚ, «Алматы электр механикалық зауыты» ЖШС, «Hyundai Trans Auto» ЖШС, «Сайман «корпорациясы» ЖШС сияқты кәсіпорындардың есебінен ұлғайды»; жеңіл өнеркәсіп-8,5 млрд. теңге немесе 4,3 есе көп (үлесі-1,2%); дайын металлургия бұйымдары – 19,3 млрд.теңге немесе 183,1% (үлесі – 2,7%).

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *