АЛМАТЫДА НАУРЫЗ КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНАДЫ

Әлемнің 6 елінен 170 қолөнер шебері келеді

Көктемгі күн мен түннің теңелу мерекесі қолөнер шеберлерінің келуімен ерекшеленеді. Шеберлер көрмелер мен  жәрмеңкелерге,  шеберлік сабақтарына келушілерге өз өнерлерін таныстыратын болады.  

Жаңа жылдың бас мерекесінің келуі ұлттық дәстүрдегі халық серуендерінен басталады, онда шет елден келген қолөнер шеберлері де болады: Түркиядан келген қолөнершілер әдемі ыдыс-аяқ пен шыны әшекей жасауды үйретсе, якут зергерлері асыл тастар туралы баяндайды, ал қырғыз шеберлері ерлерге  ат әбзелдерін жасауды үйрететін болады.  Бұған қоса, жәрмеңкеге келушілерді қышқа және жібек матаға өзбек нақышындағы ою-өрнек салуды,  әйгілі түркімен кілемін тоқуды үйрету бойынша қызықты сабақтар күтеді және де олар жаңа ғана ұстаның қолынан шыққан музыкалық аспаптарда ойнау мүмкіндігіне ие бола алады.  Алматы, Петропавл, Ақтау мен Түр­кіс­таннан келген шеберлер темір­ден, қыштан, киіз бен ағаштан жасалған өз бұйым­дарын таныстырады.  Ал жібектен, жүн мен барқыттан тігілген киімдер сән­қойлардың көңілінен шығады деген сенімдеміз.

Мерекені ұйымдастырушылар жастар­ды да назардан тыс қалдырмады. Жастар жылы аясында перфоманстар, ұлттық нақыштағы заманауи өнер көрмелері, сон­дай-ақ сүйікті әртістердің өнер көрсетулері жоспарланып отыр.

Айта кетері, төрт күнге созылатын мере­ке күндері қала тұрғындары мен қонақтары түрлі концерттерді, жәрмеңкелер мен фестивальдерді көріп, тамашалай алады. Олар Астана алаңында, Панфилов пен Жібек жолы көшелерінде,  «Атакент» көрме кешенінде,  «Алматы Арена» мен «Халық Арена» спорт кешендері маңында, сондай-ақ «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндері кешенінде өтеді:

22, 23 наурыз  – Астана алаңы;

21-24 наурыз  – Панфилов, Жібек жолы көшелері;

22 наурыз – «Нalyk Arena» Мұз айдыны кешені;

22 наурыз – «Алматы Арена» Мұз сарайы;

22 наурыз – «Атакент» ҚІЫО;

23 наурыз – «Сұңқар» Халықаралық шаңғы трамплиндері кешені.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *