АЛМАТЫДА НАУҚАСТАРҒА ДӘРІНІ РОБОТ БЕРЕДІ

Бұл – «Дәріхана роботы». Автоматтандырылған медициналық аппаратты дәрі-дәрмек тарататын робот-фармацевт десек те болады. Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы жоба. Оның көмегімен онкологиялық науқасқа шалдыққан жандарға қымбат тұратын дәрілер берілетін болады.

Нұржамал ӘЛІШЕВА

Дәрігер жазып берген рецепттен бастап, пациентке препаратты бергенге дейінгі барлық процедура жүйеленген және бұл туралы автоматты түрде бірден мәліметтер базасына түсіп отырады. Дәрісін алатын науқастың келбеті немесе саусақ іздері сәйкес болуы тиіс. Бұдан соң жеке элек­тронды карта жасалады, сосын дәрігер тағайындаған препарат беріледі.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек қала­лық онкология орталығында болғанда, «Алматы – Адалдық алаңы» жобасы аясында іске қосылған бұл жаңашыл цифрлық әдіске жоғары бағасын берді.

«Бұл жоба сыбайлас жемқорлықты азайтады және дәрі-дәрмекке бақылауды барынша күшейтеді, медикаменттердің сақталу шарттарын қамтамасыз етіп, па­циент пен медицина қызметкерінің екеуара тікелей жүздесуіне жол бермейді», – деді «Алматы – Адалдық алаңы» жобалық офисінің басшысы Александр Братенков.

Алматы онкология орталығын аралаған Бауыржан Байбек жаңадан іске қосылған радиологиялық корпуста да болды. Бұрын бұл мекеме хирургия мен химиятерапия бойынша ғана медициналық көмек көрсетіп келсе, енді сәулелі әдіспен емдеу де қолға алынды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *