Алматыда нұротандықтар қарттар айлығы аясында белсенді жұмыс атқаруда

Қалада «Nur Otan» партиясының барлық аудандық филиалдары қарт адамдарға құрмет көрсетуді жалғасуда. Өткізілетін іс-шаралар ең алдымен зейнеткерлерді әлеуметтік және эмоционалды қолдауға, сондай-ақ олардың белсенді ұзақ өмір сүруіне бағытталған.
Алматы қаласының нұротандықтары айлық аясында барлығы 500 тұрғынға бару жоспарлануда. Егде жастағы адамдардың көбі Әуезов, Бостандық, Алатау және Алмалы аудандарында тұрады.
Түрксіб ауданында қарттар айлығы және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасын іске асыру аясында азық-түлік себеттерін Евгения Долгих, Гүлнәр Дүйсебаева, Наталья Бородаева, Альбина Колесникова, Алтынгүл Құдайбергенова алды.
Ал «Nur Otan» партиясы Наурызбай аудандық филиалының белсенділері жалғыз басты зейнеткерлердің үйлерінде тазалық жұмыстарын жүргізді. Бұл ауданның ұзақ өмір сүрген тұрғыны Әсел Ермекбаева мен Ұлы Отан соғысының қатысушысы Александр Яковлевич Полькин пен Степан Яковлевичтің Попыкин үйлері.
Осындай іс-шараларды Алматының барлық аудандарындағы партия мүшелері күнделікті өткізіп тұрады.
«АҚШАМ-АҚПАРАТ»

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *