Алматыда мерекелік от шашу ұйымдастырылды

Алматыда Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік от шашу атылды.
Фейерверктер қала тұрғындарының сүйікті жерлері – Көк-төбе мен Тұңғыш Президент саябағында сағат кешкі 21:00-де іске қосылды.
Салюттар жеке компаниялардың жеке қаражатына ұйымдастырды. Ал өтетін орны мен уақыты қала әкімшілігімен келісілді.
Алматы әкімдігі мұндай қоғамдық іс-шараның маңыздылығын ескеріп, оның өтетін уақыты мен орнына қажетті рұқсатын берді.