Алматыда маска «таққан» автобус жолаушы тасымалдап жүр

Нұржамал ӘЛІШЕВА

Бұл туралы қызық жаңалық Инстаграм әлеуметтік желісінде жүр. Бетперде «таққан» автобустың да суретін сол жерден көруге болады.

«Бұған көп қаражат кеткен жоқ. Идея күтпеген жерден туды. Біз фармацевтикалық компаниядан үлкен көлемдегі масканы көрдік. Олар оны өз мақсатына дайындаған екен. Компания өкілдеріне қолқа салып, бетпердені алдырып, автобусқа тақтық. Бұл көпшілікті маска тағуға, әлеуметтік ара қашықтықты сақтауға шақырады деп ойлаймыз», – деді «Алматыэлектротранс» ЖШС-ның өкілдері.
Қазір маска «таққан» автобус әлеуметтік желіде танымалдылыққа ие болып, тіпті жолаушылар автобус жанында суретке түсіп жатқан көрінеді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *