Алматыда маршруттарға қосымша автобустар қосылады

Серік ЖҰМАБАЕВ
Қалалық Мобильділік басқармасы қоғамдық көліктердегі жолаушылар ағымына үнемі мониторинг жүргізеді. Карантиннің күшейтілген режиміне қарамастан, талдау жекелеген бағыттарда жолаушылар ағынының өсуін көрсетті. 9 сәуірден бастап 57 маршрутқа 2 қосымша автобус қосылды. Ал 10 сәуірден бастап тағы 2 автобус іске қосылады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, 10 сәуірден бастап 92, 29, 141, 118, 106, 38 маршруттарға қосымша жылжымалы бірліктерді іске қосу күтілуде.
Айта кету керек, басқармадағылар қауіпсіздік мақсатында қалалықтарды үйден шықпауға, автобустар 40 пайызға толы болған жағдайда бетпердесіз кірмеуге шақырды. Сондай-ақ қоғамдық көлікте жол жүргеннен кейін міндетті түрде қол жуу керектігін ескертті.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *