Алматыда «Ұлы дала», Астанада «Ұлы дала қырандары» қозғалыстары құрылды

15-қазан күнi 76-маусымын «Абай» трагедиясымен ашқан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттiк академиялық драма театры ұжымы жаңа әртiстермен толығып отыр.

— Олар ендi өздерiнiң жаңа бейнелерiн жасайтын болады. Мәселен, Зарина Карменова 26-қазанда премьерасы болатын Серiк Асылбекұлының «Империядағы кешiнде» дебют жасап жатыр. Бiздiң театрдың көптеген әртiстерi Темiрбек Жүргенов атындағы өнер академиясының 3-курсында оқып жүрiп театрға араласқан едi. Биыл да бұл үрдiс өз жалғасын тауып, 3-4 жас өскiн труппаға қосылып отыр, — дейдi театрдың директоры және көркемдiк жетекшiсi Есмұқан Обаев.Театр репертуары қарашада Исраил Сапарбайдың «Қыз мұңы» драмасы мен желтоқсан айында қайта сахналанғалы отырған М. Әуезовтiң «Қилы заман» пьесасымен толықпақ.

***

Өткен сенбiде Құтқару қызметiнiң кезекшi бөлiмiне Халықаралық бизнес академиясының ғимаратына жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабар келiп түстi. Оқиғаның алдын алуға Алматы қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаментiнiң 5 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды. Арнайы iс-шараларды жүргiзу барысында қауiптi зат табылмады. «Мысыққа ойын, тышқанға өлiм керек» дегеннiң керi. Әлдекiмдердiң телефон тұтқасымен тұтас жұртты дүрк көтеруi басылмай тұр.

***

Қытай мен Қазақстан шекарасында магнитудасы 5,1 баллға жеткен зiлзала тiркелдi. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық ядро орталығының сейсмикалық ақпараттарды өңдеу орталығы хабарлады. Орталықтың мәлiметiнше, 16-қазанда, сағат 19.44-те Қазақстан шекарасына жақын жерде жер асты дүмпуi орын алған. Алайда, аталған оқиғадан зардап шеккендер тiркелмеген.

***

Өткен жұмада Жол полициясының қызметкерi Бақтияр Баудиновты қаланың Райымбек даңғылы мен Яссауи көшесiнiң қиылысқан тұсында кешкiлiк жол қозғалысын реттеп тұрған кезiнде көлiк қағып кеттi. Жергiлiктi кәсiпкер әйелдiң көлiгi батыс жақ бағытпен келе жатқан. Полиция қызметкерiнiң үстiндегi көз қарықтыратын сарғыш түстi форма да жүргiзушiнiң назарына түспеген сыңайлы. Көлiк қозғалысын реттеймiн деп, көлiктен зардап шеккен жол полициясының қызметкерi №7 қалалық клиникаға жеткiзiлiп, оған медициналық көмек көрсетiлдi. Мертiккен полицей жүргiзушiлердiң тым асығыс жүретiнiн айтады. Расында, қала жұрты асығыс. Қайда асығады?..

***

Өткен сенбiде Алматы шәрiнде «Ұлы дала» республикалық қозғалысының алғашқы құрылтайы өттi. Қазақстан Жазушылар одағында өткен құрылтайда елiмiздiң өзге саяси партиялары мен қозғалыстарының жетекшiлерi һәм өкiлдерi «Ұлы далаға» ақ жол тiлесе, қозғалыстың басықасынан табылып жүрген белгiлi саясаттанушы Айдос Сарым қоғамдағы қордаланған мәселелердi тiлге тиек етiп, қозғалыстың бағыт-бағдарымен таныстырды. Алайда, «Ұлы даланың» әзiрге төрағасы да, жетекшiсi де жоқ. Уақыт өте келе қозғалысқа еңбек сiңiрген тұлғаны таңдай отырып, ұйым мүшелерi төрағаны өз ортасынан сайламақ. «Бiздiң мақсатымыз – шен де, шекпен де емес, елге, ұлтқа қызмет ету» дейдi Айдос Сарым. Ал, Елордада «Ұлы дала қырандары» атты қозғалыс құрылып қойған екен. Оған Сәдiбек Түгел мен Марат Нәбиев теңтөраға болып сайланған.

***

Алматыда 19-қазанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дiң философия және саясаттану факультетiнде «Жастар. Руханилық. Интеллектуалдық ұлт» деп аталатын халықаралық ғылыми-теориялық конференция болады.

ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесi, философия ғылымдарының докторы, профессор Ағын Хайруллаұлы Қасымжановтың 80 жылдығына және оның рухани мұралары арқылы өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, ақпараттық қоғамдағы интеллектуалды ұлттың қалыптасуының мәденифилософиялық негiздерiн айшықтауға арналатын бұл шара дәстүрлi А. Қасымжанов оқулары аясында ұйымдастырылып отыр. Оған биыл қазақстандық және АҚШ, Египет, Қырғызстан, Қытай, Ресей сияқты алыс-жақын шет елдерден қонақтар қатыспақ.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *