Алматыда коронавирустың таралуының алдын алу бойынша жаңа іс-шаралар әзірленбек

 

Мәншүк БЕКБОСЫН

Қала әкімі Б.Сағынтаев өзінің Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында алматылықтарға арналған үндеуін жариялады. Жазбада шаһар басшысы қала тұрғындарының арандатушылыққа алданып қалмай, тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.

«Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев төтенше жағдай режимін енгізу туралы шешім қабылдады. Себебі де белгілі. ДДҰ коронавирус індетін ресми түрде ғаламдық пандемия деп жариялады. Бұл инфекция біздің елді де айналып өтпеді. Індет тараған елдерден келген 6 отандасымыз қаладағы алғашқы инфекция жұқтырушылар ретінде тіркелді. Науқас азаматтар оқшауландырылды», – деп жазды Б. Сағынтаев.

Оның айтуынша, барлық қажетті медициналық, профилактикалық және ұйымдастыру шаралары қабылдануда. Мемлекет басшысының азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі тапсырмалары орындалады. Қаланың барлық қызметтері жұмылдырылды. Қолға алынуы тиіс жаңа іс-шаралардың жоспары әзірленуде.

Қала әкімі шаһардағы жағдай үнемі хабарланып отыратынын айтты.
«Тек ресми ақпаратқа сенім артуларыңызды сұраймыз. Жалған ақпарттардың таралуына жол бермейміз» деген Б. Сағынтаев,
«қатаң тәртіп пен ортақ іске жұмыла білу – біздің вирусқа төтеп берудегі басты қаруымыз болуы тиіс» деп қорытындылады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *