Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 90 жағдайы тіркелді

Коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтардың жай-күйі туралы

Серік ЖҰМАБАЕВ

Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында қазіргі эпидемиологиялық жағдай және коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтардың жай-күйі туралы онлайн-баспасөз конференциясы болып өтты. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев қалада нақты қанша адамнан коронавирустық инфекция анықталғанын, науқастардың жағдайы қалай екендігін түсіндірді.
Қазіргі уақытта Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 90 жағдайы тіркелген екен. Инфекциялық стационарларда Алматы облысынан 1 пациентті ескере отырып, КВИ 80 адам жатыр, оның ішінде 1 бала бар.
«68 науқастың жай-күйі – қанағаттанарлық. 2 ересек адамның жай-күйі – ауыр, 10 ересек адамның жай-күйі – орташа ауырлық деңгейінде (1 облыстық). Барлық емдеуге жатқызылғандардың ішінде екі жағдай – бұған дейін анықталған пациенттермен байланыста болған адамдар. Барлық байланысқан адамдар бүгінгі күні табылған және оқшаулауға орналастырылған. Кеше Covid-19-дан сауығып, тағы бір пациент ауруханадан шығарылды», — деді Тілеухан Әбілдаев.
Жалпы, қазіргі уақытта коронавирустық инфекция расталған, сауығып ауруханадан шығарылғандар саны 11 адамды құрайды. Бүгінде провизорлық орталықтарда барлығы 619 адам бар, оның ішінде 81-і бала.
Екі күндік карантиндік оқшаулауда 520 адам жатыр, оның ішінде 50-і бала.
Үй карантинінде 3853 азамат бар.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *