Алматыда кітапханашылар марапатталды

Бұрнағы күні Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова залында Алматы қаласының кітапханалары күніне орай оңтүстік астанамыздың кітапханашыларын марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шара ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Бақытжамал Оспанованың құттықтау сөзімен ашылды. Шарада Алматы қаласы әкімі орынбасарының кеңесшісі  Данияр Әлиев кітапхана күнімен құттықтап, Алматы қаласы әкімінің Алғыс хатымен кітапханашыларды марапаттады. Сондай-ақ, Бостандық ауданы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бекжан Орынбайұлы кітапханашыларға алғысын айтып, Бостандық ауданы әкімінің Алғыс хатымен марапаттады. Мерекелік кеште Республикалық ғылыми-техникалық кітапханасы, Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана, ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» Орталық ғылыми кітапханасы, Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапханасы және ҚР Ұлттық кітапхана ұжымдары «Кітапхана ісінің ардагері» және «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгілері, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттармен марапатталды.   Сонымен қатар, кітапхана серіктесі режиссер, ҚР Кинематографистер одағының төрағасы Ермек Тұрсынов арнайы қатысып, кітапханашыларды төл мерекесімен құттықтап, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Бақытжамал Қайырбекқызына алғысын білдірді. Шара соңы «Мамандығым, мақтанышым» атты мерекелік концертке жалғасты.

«Ақшам-ақпарат».

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *